Білім көрмесі өтті

16.04.19

Шымкент қаласында «Bilim A'lemi-2019» II Халықаралық білім көрмесі  өтті. Оған ОҚМПУ жоғары оқу орнының жауапты қызметкерлері, талапкерлер мен колледж түлектері қатысты. Оқу ордасының білікті мамандары жастарға мамандық пен жоғары оқу орындарын таңдауға көмектесіп, ақыл-кеңестерін берді.   Көрмеге  131 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.