Робототехниканың үздік жобалары таңдалды

25.04.19

ОҚМПУ-нің базасында «КазРоботикс-2019» сайысының іріктеу кезеңі өтті. Оған 296 оқушы, 48 мұғалім, 40 ерікті мен 20 төреші қатысты. Сайыста «KazRoboSport» және «KazRoboProject» деп аталатын екі кезең бойынша робо жобалар сараланды. Байқауды "Қазақстанның спорттық және оқыту робототехника федерациясы" қоғамдық бірлестігі ұйымдастарды. Сайыстың бас серіктесі: ҚР тұңғыш Президенті-Елбасы қоры. Ал ОҚМПУ-і бұл шараға бас демеуші-әріптес болумен бірге ақпарттық қолдау көрсетті. Байқау жеңімпаздары енді Шымкент қаласының құрама командасы сапында биылғы жылдың қазан айында өтетін республикалық жарыста бақ сынайтын болады.