Кафедра тарихы

«Биология» кафедрасының тарихы

 Биология кафедрасы 1989 жылы 17 қарашада Шымкент педагогикалық институтының   ректораты шешімі негізінде құрылды. Алғаш рет 1989 жылдан 1995 жылға дейін кафедраны биология ғылымдарының кандидаты, доцент Исмаилов А.У. басқарды. 1995 жылдан бастап кафедраға б.ғ.к., доцент Мүтәлиев Ә. М.,  2009-2011 жылдары б.ғ.к., доцент Х.М.Сартаева, 2011-2014 жылдар аралығында а.ш.ғ.к., аға оқытушы Г.Б.Алпамысова, 2014-2015 жылдары техн.ғ.к., аға оқытушы Ғ.И.Исаев, ал 2015-2016 жылдары а.ш.ғ., доцент Айтбаева А.Е. басшылық жасады. 2016 жылдан бастап кафедраны б.ғ.к., доцент, 2012 жылдың  «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері Байсеитова Н.М. басшылық жасады. 2022 жылдан бастап б.ғ.к., доцент м.а Успабаева А.А басшылық жасап келе жатыр.

Кафедра сапалы білім беру қызметтерін ұйымдастыру мен бәсекеге қабілетті кәсіптік мамандар даярлауды  мақсат ете отырып, 6М01505-Биология мұғалімін даярлау, 6М05101-Биология және  5В011300 – Биология, 5В060700-Биология мамандықтары бойынша бакалавр мамандарды дайындайды. Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылында 7М01505- Биология  педагогін даярлау, 7М05101-Биология және 8D01505- Биология  педагогін даярлау мамадықтарына лицензиялар алынып, аталған бағыттарда магистранттар мен докторанттар даярлайды.

2022  -  2023  оқу жылында «Биология» кафедрасының кадрлық құрамы 34 штаттық бірлікті құрайды. Оқытушы-профессор құрамы 30 ш.б. құрайды, оның ішінде, 18 ш.б. ғылыми дәрежесі бар, атап айтқанда, 1ш.б. ғылым докторы, профессор, 13 ш.б. ғылым кандидаттары, доцент, 4 ш.б. философия докторы, 12 ш.б. дәрежесіз, магистр оқытушылар,  4 ш.б. көмекші персонал – лаборант.  Кафедраның сапалық деңгейі 60% құрайды.

 

Кафедрада  аталған   мамандықтары бойынша жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын меңгеру және оқу үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияларды қолдана отырып білім сапасын арттыру үшін арнаулы дәрісханалар мен зертханалар жабдықталған.   4 оқу және ғылыми-зерттеу зертханалары  ұйымдастырылып, жаңа инновациялық- технологияқ әдістерді қолдана отырып  сабақ өткізу және бейнематериалдарды  тиімді беру, студенттермен іс-тәжірибе жұмыстарын сапалы жүргізу мақсатында заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Зоология, Ботаника және өсімдіктер физиологиясы, Цитология және гистология, Микробиология, Биотехнология,   Адам анатомиясы мен жануарлар физиологиясы зертханалары студенттер игілігіне пайдаланылуда.

Ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен көшуге байланысты мамандықтарда көп тілді академиялық топтар мен ағылшын  тілінде оқитын топтар ашылған. Осыған байланысты сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарттар бойынша байланыстар орнатылған. Атап айтсақ, Португалия мемлекетіндегі Nova университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ Ұлттық педагогикалық  университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Қ.А.Ясауи атындағы Қазақ-түрік университеттерімен.

Кафедра оқытушылары шетелдік оқу орындарында болып біліктілік арттырып,  тәжірибе алмасты. 2013ж. магистр оқытушы Б.Н.Қалшораева Испания мемлекетінің Валенсия қаласында, «Валенсия»  политехникалық университетінде (Сертификат №0127599), ал  2014ж. магистр оқытушы А.Т.Ермекбаева Англия мемлекетінде Ньюкасл қаласында «Ньюкасл»  университетінде (Сертификат №0131227) «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының ұйымдастыруымен толық курсты аяқтады. 2016 жылы доцент, техн.ғ.к. Туребекова Г.З.  Германия мемлекетінің  Дюссельдорф қаласында жаратылыстану ғылымдарының Европалық академиясында біліктілік көтеру бойынша ғылыми тағылымнамада болды. Ғылыми тағылымнама аясында «Оңтустік Қазақстанның дәрілік өсімдіктері» атты тақырыпта лекция курсын жүргізді. «Environ mental, Engineering and legal aspects for Sustainable Living» атты халықаралық ғылыми конференцияда  «Prospects for using south Kazakhstan plants» тақырыпта ғылыми баяндама жасады. 

2017 жылы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша  Португалияның  Лиссабон қаласындағы   «Nova» университетінен PhD-докторы, профессор  С.Б.Любчик шақырылып 5В011300-Биология мамандығының студенттерге дәріс оқыды,  «Подготовка и пути реализации научных проектов» атты және    «Зеленая химия (Устойчивое развитие)» тақырыбында  ғылыми-әдістемелік өткізді. Биология мамандығында жүргізілетін пәндер  бойынша дәріс оқу үшін аталған отандық ЖОО-ның белгілі ұстаздары б.ғ.к., доцент К.Дәуітбаева, м.ғ.д., профессор Е.Ө.Қуандықов, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының доценті, б.ғ.к. Жұмадилов Б.Т. кафедраға дәріс оқуға шақырылған.

Отандық ЖОО-ы Абай атындағы ҚазҰПУ-мен,  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен, Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ-не студенттер алмасып оқуға жіберіліп, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандарды кәсіби дайындау жүйесінде студенттердің құзыреттілігін арттыру үшін мектептермен байланысты жүзеге асырып, жұмыс берушілермен бірлесе  отырып «Биология» кафедрасы мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында №7 К. Спатаев атындағы мектеп- лицейде және Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназияда келісім шарт негізінде   кафедра филиалдары құрылған.  Өндірістік базалармен ынтымақтастықты нығайту  үшін «Шымкент мемлекеттік  зоологиялық саябағы» МКҚК-мен, «Шымкент мемлекеттік  дендрологиялық саябағы» МКҚК-мен,  Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы  ғылыми-зерттеу орталығымен, Назарбаев зияткерлік мектебімен және ОҚО Білім басқармасының «Экологиялық орталықпен» бірлескен келісім-шарттар негізінде жұмыстар жүргізіледі.

            Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарына сәйкес кафедра  оқытушылары Алматы қаласында ҚР ЖОО-да педагогикалық мамандықтары оқытушыларының «Өрлеу» біліктілігін арттыру Ұлттық орталығында, сонымен қатар  ағылшын тілін дамыту мақсатында  Әль-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-де педагогикалық кадрларды жеделдетілген тілдік даярлау үшін ұйымдастырылған біліктілік арттыру курсынан  өттізу жұмыстары жолға қойылған.

2015 жылы 5В011300- биология мамандығы білім сапасын қамтамасыз ету бойынша мамандандырылған аккредиттеуден кемшіліксіз өтті.

Биология кафедрасында ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. 2012-2014 жылдар аралығында Республикалық ғылыми-зерттеу гранттық жобалар    конкурсына қатысып   «Уран өндіретін өндірістің қоршаған ортаға тигізетін әсері» тақырыбындағы ғылыми жоба грант жеңіп алды. Ғылыми жетекшілері: Балабеков О.С., Сартаева Х.М. Аталған жұмыс Биология кафедрасының 1.4 – «Энергетикалық бөлімнің қоршаған ортаға тигізетін әсері» бағытының аясында орындалды. 2017-2018 оқу жылында мемлекеттік гранттық жобалар конкурсына кафедрадан 4 ғылыми жоба ұсынылды.

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық пәндік олимпиадасында 5В011300-Биология мамандығы бойынша әр оқу жылында студенттер қатысып жүлделі орындарға қол жеткізуде. Кафедрада «Жас биолог» үйірмесі ұйымдастырылған. Үйірме екі бағытта жұмыс атқарады: Биология пәнін үйретудің белсенді түрлері мен әдістері және студенттерді өз бетінше  ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыттап, жетілдіру.