«Үздік жас маман - 2019»

30.04.19

        Университетте 4-курс студенттері арасында факультетаралық «Үздік жас маман - 2019» байқауы өтті. Байқау  шығармашылықпен жұмыс істей білетін ұстазды анықтауға, озық педагогикалық тәжірибені таратуға бағытталды. Сайыс өзін-өзі таныстыру, ситуациялық тапсырмалар және ашық сабақтан үзінді  көрсету секілді үш кезең бойынша өтті. Байқауға Назарбаев зияткерлік мектебінің үздік мұғалімдері, облыстық, қалалық білім беру мекемелерінің жетекші мамандары және жұмыс беруші тараптың мекеме басшылары  қазылық жасады. 15 студент арасында өткен тартысты сайыста бас жүлдені «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының бітірушісі Сейсенбек Диана жеңіп алды. Ал  І орын «Математика» мамандығының студенті Исмаил Ельриза, ІІ орын «Биология» мамандығының студенті Ертай Мөлдір мен «Қазақ тiлi және әдебиетi» мамандығының  студенті Асан Назеркеге бұйырды.  ІІІ орынды  «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті Қапашова Наргиза мен «Музыкалық білім» мамандығының студенті Пірназарова Меруерт  еншіледі. Жүлдегерлер жұмыс берушілер тарапынан шақырту алды.