«Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» біліктілікті арттыру курсы

2023 жылғы 9-13 қаңтар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім беру әлеуетін күшейту» біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Оқу орнының 95 профессор-оқытушылар құрамы осы курста Фин елінің білім беру жүйесіндегі озық тәжірибемен танысып, өзіндік саралау, сараптау жұмыстарын жүргізуде. Педагогикалық жоғары оқу орындарында әзірленген білім беру бағдарламаларын масштабтау мақсатында педагогтердің біліктілігін арттыру курсының алғашқы күні «Білім берудегі әлемдік тенденциялар» және «Білім беру бағдарламаларын құрастыру принциптері» тақырыптарында өтті.

Халықаралық бенчмаркинг нәтижелерімен танысу және жоба шеңберінде қазақстандық педагогикалық білім берудің жай-күйін зерделеу, Қазақстандық педагогикалық білім берудің күшті жақтары (ықтимал оң ішкі факторлар), қолайлы мүмкіндіктері (ықтимал оң сыртқы факторлар), әлсіз жақтары (ықтимал теріс ішкі факторлар), қауіптер (ықтимал жағымсыз сыртқы факторлар) талқыланып, сыни талдау жүргізілді.