Жеткіншектер тарих толқынында

07.06.19

 ОҚМПУ-де "Жас толқын" деген атаумен тарихтан пәндік олимпиада өтті.  Славян мәдени орталығы, Түркістан облысы және Шымкент қаласы білім басқармалары, "Южный Казахстан" газетінің қолдауымен ұйымдастырылған білім сайысы осымен 8-рет өткізіліп отыр. Бұл жолғы олимпиада орыс ақыны А. С. Пушкиннің туғанына 220 жыл толуы және оның өмір сүрген кезеңіне арналды. Танымды әрі тартысты өткен білім сайысының жүлдесін екі бірдей оқушы жеңіп алды.  Шымкент қаласындағы №8 Мұхамед Хайдар Дулати атындағы  гимназия оқушысы Дмитрий Викторенко және №9 мектеп лицейдің шәкірті Валерия Палачева үздік деп танылды. Жеңімпаздар қатарында Шымкенттегі №20 В. Титов атындағы орта мектеп пен №1 А. С. Пушкин есімін иемденген мектеп гимназиясының да оқушылары бар.