Шымкентке арнайы іс сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің №4 студенттер үйін аралады.

29.07.19

Шымкентке арнайы іс сапармен келген ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің №4 студенттер үйін аралады. Министр студенттер үйінің оқу және компьютер залымен, ондағы автоматтандырылған «Универ» жүйесімен танысып, демалыс бөлмесін, медпункт, асхананы көріп шықты.