Ұлағатты ұстаз, ғибраты мол ғалым Омар Базаркүл Қалтайқызы – 75 жаста!

Ұлағатты ұстаз, ғибраты мол ғалым Омар Базаркүл Қалтайқызы – 75 жаста!

2023 жылғы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Сүгірбаева филология ғылымдарының кандидаты, доцент Омар Базаркүлді мерейтойымен салтанатты түрде құттықтап, арнайы дайындалған адресхатты табыс етті.

Ректор өз құттықтауында ұстаз, ғалымның өмірбаянына шолу жасап, университетті өркендетуге қосқан үлесіне айрықша тоқталды: «Қасиет қонған киелі өлке - Отырарда дүниеге келіп, арман қала Алматыдағы Қыздар педагогикалық университетінде жоғары білім алдыңыз. Аудандық газеттің корректорынан бастау алған сіздің еңбек жолыңыз ауыл мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімен жалғасты. Құтты қарашаңырақ - Шымкент педагогикалық институтына ұстаздық қызметке келген 1982 жылдан бергі өмір жолыңыз осы оқу ордасымен бірге өсіп, өрістеуде».

Білім-ғылым жолында жинаған өмірлік тәжірибесін шәкірттерді оқытып, тәрбиелеуде молынан қолданып, толағай табыстарға жеткен Базаркүл Қалтайқызы - «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері».

Бүгінде жүз мыңдаған шәкірттердің сүйікті де құрметті ұстазы, ғылымда айтары бар терең ойлы ғалым, отбасында асыл жар, аяулы ана, сүйікті әже атанған мерейтой иесіне мықты денсаулық, таусылмас күш-қуат, шаңырағына шаттық пен жақсылық тілейміз!