Мақсат - дарынды, білімді, білікті, креативті жастарды іріктеу

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кадрлық резервін қалыптастыру туралы міндетін жүзеге асыру мақсатында ОҚМПУ-де жас оқытушы, магистранттар мен докторанттармен кездесу өтті. Дарынды, білімді, білікті, креативті жастарды іріктеу мақсатындағы ақпараттық-түсіндіру шарасына ОҚМПУ ректоры м.а. Исабек Баршагүл Қашқынқызы, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Есенгельдина Анар Сатыбалдықызы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басқарма басшысы Раева Аянай Мұхитқызы қатысып, Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру, оған қабылдану тәртібі мен ережелері туралы жан-жақты баяндады.