Кәсіптік-шығармашылық факультеті

КӘСІПТІК-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

1969 жылдан бастап Шымкент педагогикалық институтында жалпы білім беретін орта мектептерге арнап «Бейнелеу өнері және сызу» пәні мұғалімдерін дайындау қолға алына бастады. Физика математика факультеті жанынан құрылған «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасын аға оқытушы Е.М. Кан басқарды. Алғашқы оқытушылар қатарына Л.П. Павловский, Л.Ф. Жиляковалар болды.

            Кафедраның қалыптасып дамуы барысында Одақ, Республика көлеміндегі белгілі көркем-өнер оқу орындарынан білікті мамандар шақырыла бастады. Олардың қатарында Скородин Ю.И., Почукаева З.В., Ломакин Ю.И., Халмуратов Ж.И., Тастемиров Қ.Т., Савостина Л.М.  т.б. болды. Сонымен қатар кафедранның алғашқы түлектері Ералин Қ.Е., Загоденко Ю.И., Никонов Г.В., сияқты оқытушылар қызметке қалдырылды.

Студенттер құрамының артуына байланысты үш кафедрадан тұратын «Көркем, сурет және графика» факультеті болып қайта құрылды. Факультетті аға оқытушы Кәдеев И.У. басқарды.

      ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы №722 қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылды. 

     2013-2014 оқу жылында ОҚМПИ-ның Ғылым кеңесінің  26.02.2014ж. № 5 мәжілісі шешімімен «Жаңа технология және өнер» факультеті құрылды. 2017 жылы 31 тамыз №1 кеңейтілген мәжілісінде қаралып атауы «Кәсіптік - шығармашылық» факультеті болып оны п.ғ.д., профессор, Қазақстан ПҒА академигі Медеубек  Жұматайұлы Тәңірбергенов басқаруда.

     Қәзіргі таңда факультетте ҚР «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары» мемлекеттік грант иегерлері М.Ж.Тәңірбергенов(2007, 2014жж.), Д.Қ. Пошаев(2016ж.) еңбек етеді. Сонымен қатар 3 педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 1 Қазақстан ПҒА академигі, 6 педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, 1  Phd докторы, 1 Философия ғылымдарының кандидаты, 1 Өнертану ғылымдарының кандидаты,   3 ҚР мәдениет қайраткерлері, 1 ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі және магистр аға оқытушылар абыроймен қызмет атқарып келеді. Факультетте 5 бакалавр , 4 магистратура, 1 докторантура мамандықтары бойынша дайындайды.

         5В010600 - « Музыкалық білім»;

         6В01403-Музыка мұғалімдерін даярлау;

         5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу»;

         6В01404-Көркем еңбек және сызу мұғалімін даярлау;

         5В012000 - «Кәсіптік оқыту»;

         5В042100 – «Дизайн»;

         6В02101-Сән интерьер дизайны және өнеркәсіп дизайны;

         7М01403-Музыкалық білім педагогын даярлау;

         7М01404-Көркем еңбек және сызу;

         7М01406-Кәсіптік оқыту;

         8D01200-Кәсіптік оқыту;

          Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей сияқты  шетелдердің жоғары  оқу орындарымен халықаралық байланыс жасайды. Сонымен қатар факультет студенттері халықаралық спорттық жарыстарда, республикалық пән олимпиадасында бірнеше рет жүлделі орындарды иеленіп, оқу орнымыздың мерейін асыруда.

    Факультет студенттерінің жетістіктері:

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтермен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамыту мақсатында өткізілген Оралхан Бөкей атындағы  «КӨРКЕМ СӨЗ-2017» оқу шеберлерінің XIX облыстық байқауында К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке Фархадқызы бас жүлде иегері атанды.

2018 жылы Алматы қаласында өткен Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған Жырлайды жүрек» X Республикалық ән-жыр байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша талантымен ерекше танылған 106-14 тобының студенті Аманжол Мұхтар бас жүлде иегері атанды.

Абай Шәкәрім шығармаларын орындаушылардың облыстық байқауында Абайдың, Шәкәрімнің әндері мен күйлерін орындауда үздік өнер көрсеткені үшін К106-13 тобының студенті Музаппаров Алмасқожа I орын иегері атанды.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының құрылғанына 50-жыл толу мерей тойына орай Республикалық ЖОО студенттері арасында өткен «Студенттік көктем-2017» «Жастар дауысы» ретро әндер байқауында 106-14 тобының студенті Баратов Дәуіт Сапарханұлы 3-орын иегері атанды

Оңтүстік Қазақстан облысының тілдерді дамыту, архивтермен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен дамыту мақсатында өткізілген «КӘНЕКЕЙ ТІЛІМ СӨЙЛЕШІ» атты облыстық байқауында К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке Фархадқызы III орын иегері

«Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандырылған көрмесі қарсаңында өткен XIII ұлттық жастар Дельфилік ойындарының облыстық байқауында «Поэзия» номинациясы бойынша 106-14 тобының студенті Аманжол Мұхтар I орын алды

Атырау қаласы 2017 жылы 23 қараша айында Жұмекен Нәжімеденов атындағы Көркем сөз оқу шеберлерінің республикалық байқауында жүргізушілер номинациясы бойынша К106-13 тобының студенті Оспан Ақерке I орын иегері атанды

Музыкалық білім мамандығының студенттерінің Халықаралық интернет-байқаулардың жеңімпаздары: К106-16 тобының Амина Алижанова «Ирландия», 106-16К тобының студенті Назерке Айлез «Германия»-кафедра меңгерушісі А.Т.Досбағанбетова:106-15К тобының студенті Еркебұлан Сәбит «Франция, Англия, Афстрия» -жетекшісі аға оқытушысы А.М.Қарсыбаева, 106-14 тобының студенті Ж.Ерсінбек «Франция», К106-12 тобының студенті А.Злаева «Испания»-жетекшісі аға оқытушы Ш.С.Арыстанова, 106-14 тобының студенті А.Айтбай «Дания», Н.Пірімова «Ирландия», жетекшісі аға оқытушы С.З.Байбатшаева.

ҚР жоғары оқу орындары студенттерінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша VII Республикалық пәндік олимпиадасында 2-орын, VIIІ Республикалық пәндік олимпиадасында 1-орын иеленді.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша VIIІ Республикалық пәндік олимпиадада 2-орын, ІХ Республикалық пәндік олимпиадада 3-орынды иеленді.

Институтта 2017 жылдың 6-7 сәуір күндері «Кәсіптік оқытуды модернизациялау – адами капитал сапасын арттыру басымдылығы» тақырыбы  аясында  Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің    «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша IX Республикалық пәндік олимпиадасы жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.

            2017-2018 оқу жылында факультетте күндізгі бөлімде 328 студент білім алуда, оның ішінде 184 студент мемлекеттік грант иегері,  студент 144 келісім шарт негізінде білім алады. Факультетте 4  кафедра  жұмыс атқарады.

Факультет ұжымы жұмыс берушілермен, республиканың жоғары деңгейлі ЖОО-мен тығыз байланыста және алыс шет елдердің жоғары оқу орындарымен байланыстар жасауда.  Сонымен қатар факультет ПОҚ-ы студенттерге озық білім мен өнегелі тәрбие беруде өз үлестерін қосып келеді.

ҚР   ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25 ЖЫЛДЫҚ  «ҰЛЫ ДАЛА ТОПЫРАҒЫН ҰЛЫҚТАЙЫҚ»  атты халықаралық суретші – ұстаздар  симпозиумы 2016 жыл, қазан.

Факультет студенттері шетелдерге интернет байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды

IV Республикалық студентік пәндік олимпиадасы 107-12к оқу тобының студенті Қасмырзаев Бекмырза. Тараз қаласы.2013ж.

Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенті В. Бейісбекованың жеке көрмесі. Шымкент қаласы 2013ж

Кәсіптік оқыту мамандығы студентті темір өңдеу шеберханасында. 2014ж.

Кәсіптік оқыту мамандығы студенттері тігін шеберханасында Құрақ құрау 2015ж.

Кәсіптік оқыту мамандығы студенттері тігін шеберханасында 2015ж.

2018-2019 оқу жылындағы жетістіктері

2018-2019 оқу жылының қараша айында өткен облыстық «Туған жерім-түғырым» терме байқауына қатысқан 106-15к тобының студенті Айлез Н. бас жүлдені ұтып алды.

2018жылдың желтоқсан айында 106-16 топ студенті Нұрпопа Диана «Қазақстан КВН Одағы» ұйымдастырған  Республикалық жоғары лига ойындарына қатысып, 2 орын «Вице-чемпион» атағын жеңіп алды.   

        «Тақ-Сер мүгедектер қоғамы» және «Шымкент қайырымды жандар» еріктілерінің ұйымдастыруымен өткен «Сулулық сыры» атты қайырымдылық кешіне қосқан үлесі үшін 106-15 оқу тобының студенті  Смадияр Айнұр алғыс хатпен марапатталды.

       Ел ордасы Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастырыумен өткен байқауда қоғам дамуынан қалыс қалмай,өрнекті өнерді биік мәртөбеге балап, халыққа өнерден шуақ шашып, қуаныш сыйлағаны үшін Смадияр Айнұр алғыс хатпен марапатталды.

      «Жетісу шабыты» мугедектер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен өткен Республикалық көрмейтін және нашар көретін жандар арасындағы  ІІІ-ші «Екі жұлдыз» ән фестиваліне Смадияр Айнұр қатысып, ІІІ орын лауреаты атағын жеңіп алды.

       Жастар, жасөспірімдер және ересектер арасында өткен көп жанрлы Халықаралық фестиваль-конкурста с106-16 оку тобының студенті Барабанов Игорь өз  өнерін көрсетіп І орынды жеңіп алды.  

  ҚР мәдениет саласының үздігі  Қарсыбаева Айман Мұсақызы  облыстық филармония залында өз шығармашылық кешін өткізді.

       Түркістан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Шарықта, шалқар шабытым» облыстық байқауында «Асқақтай бер, Астана» номинация бойынша 106-15 оқу тобының студенті Смадияр Айнұр І орынды  жеңіп алды.                                                                                                     

          28.2018 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттік ректорат ұйымдастырған «Университет аруы- 2018» байқауында үздік өнер көрсеткені үшін К106-17 оқу тобының студенті Сейітбек Камиллә  «Университет аруы-2018» атағымен және бас жүлде дипломымен марапатталды.

04.04.2018ж.Сұлтан Жаңбыршиевтің «Көктем ш ақырады» жеке шығармашылық көрмесі өтті.

 

22.05.2018ж

"ЖІБЕК жолы айшықтары" ұлттық киім дизайнерлері көрме-байқауының "Ең үздік жұмыс киім үлгісі " номинациясы бойынша марапатқа ие болғаны үшін "ЖІГЕРЛІ ЖАСТАР " Бекмуратова Мадина марапатталды ғылыми жетекшісі : С.Г.Бегалиева." Оюлар сəн əлемі "Бакидыр Жүлдыз марапатталды ғылыми жетекшісі: А.Ж.Ерназарова Алғысы хат пен ОҚМПУ -дың Сəндік өнері үйірмесінің дизайнері Н.М. Ерімбетов .

  

14.02.2019ж сағ:9:30 "ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ, БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС"- БАЙТАНАЕВ ОҚУЛАРЫ-7: атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы.

14.02.2019ж

 ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің магистр оқытушысы Қасмырзаев Бекмырза «ЖАС СУРЕТШІ» ЖАСТАР Iife БАҒДАРЛАМАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ NAR TV телернасына.

   

21.02.2019ж сағ 12:30 Кəсіптік-шығармашылық факультеті студенттерінің ұйымдастыруымен Елбасының биылғы жыл "JASTAR JYLY" етіп жариялаған ұсынысын жүзеге асыру мақсатында "ЕЛБАСЫН СҮЙГЕН ЕЛ ЖАСТАРЫ" атты көрме, меркелік іс-шарасы ұйымдастырылып өтті.

   

20.02.2019ж

Шымкенте қаласы "Үздік жастар премия " байқауының "ҮЗДІК СУРЕТШІ " номинациясы иеленген үшін КƏСІПТІК -ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ студенті Тишкенбаев Алибек Талғатұлы марапатталды

22.02.2019ж

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Шымкент қаласының "Көрме орталығы" ұжымының ұйымдастыруымен "Мәңгілік елдің жастары" атты жастармен кездесу кеші өтті. Іс-шарада білім мен еңбекті, өнерді ұштастырып керемет жетістіктерге жеткен ОҚМПУ -дың КƏСІПТІК -ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ студенті Тишкенбаев Алибек Талғатұлыда арнайы шығармашылық жұмыстарын жастарға ұсынды осындай жетістіке шығармашылығын шындауға бейнелеу өнері жəне сызу мамандығының ұстаздары аға оқытушылары Д.Г.Жолдасбекова жəне .Ш.А.Калыков. Б.Қасмырзаев

      

25.02.2019ж

АЛҒЫС ХАТ "Ontustik"телеарнасында халықтық дауыс беру арқылы ұйымдастырылған "ҮЗДІК ШЕБЕР"байқауының "Үздік суретші " номинациясы бойынша ОҚМПУ-дың Кəсіптік-шығармашылық факультеті, Кəсіптік оқыту жəне бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы АЛМАС КАЛЫҚОВ марапатталды.

04.03.2019ж

ДИПЛОМ ЕЛБАСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫҢ 2019 ЖЫЛДЫ "ЖАСТАР ЖЫЛЫ " ЖАРИЯЛАУЫНА ЖƏНЕ "STAR WЕЕК 2019" СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖҰЛДЫЗДЫ ОН КҮНДІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ОҚМПУ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДА ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ ЭСТАФЕТАРАЛЫҚ ЖАРЫСЫНДА белсенді қатысқан үшін кəсіптік -шығармашылық факультеті марапатталды.

11-12.04.2019ж
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 2019 жылдың сәуір айының 11-12-сі аралығында 5В012000 - "Кәсіптік оқыту" мамандығы бойынша ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы өтті. Кәсіптік-шығармашылық факультеті, Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының, кафедра меңгерушісі А.Е.Байбатшаеваның ұйымдастыруымен өткізіліп отырған ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасына тоғыз ЖОО - ның 35 студенттері бой көрсетіп, 9 топ болып белгіленген бағдарлама аясында үш кезең бойынша сайысқа түсті. Нәтижесінде олимпиада қорытындысы бойынша, 1-ші жүлделі орынды Нұр-Сұлтан қаласы, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетінің
З.Т.Байжанованың жетекшілігімен келген топ студенттері иеленді;
2 -ші жүлделі орынды Шымкент қаласы, М.Əуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Жолдасбекова жетекшілігімен келген топ студенттері және
2-ші жүлделі Тараз қаласы, Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері иеленді.
3-ші жүлделі орынды Шымкент қаласы, SILKWAY Халықаралық университетінің .Ұ.Қонақбаева жетекшілігімен келген топ студенттері және университетінің топ студенттері сертификаттармен сыйлықтармен марапатталды. Марапаттау рәсімін университетіміздің Ғылыми жұмыстар жəне инновациялық істер жөніндегі проректор Р.Н. Бегалиева, Оқу жəне оқу əдістемедік істер жөніндегі проректор Б.Қ.Исабек және Кәсіптік- шығармашылық факультетінің деканы М.Ж.Тəңірбергенов табыстады.

01-02.04.2019ж

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ АРАСЫНДА Т.ЖҮРГЕНОВ АКАДЕМИЯСЫНДА ӨТКЕН ХІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ПƏНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА "5В041700-Сəндік өнері " МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАТЫСҚАН ҮШІН ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің Бейнелеу өнері жəне сызу мамандығының ІІІ курс студенттері Шалабай. Е. Асанбаева.А Ғылыми жетекшісі: Д.Г.Жолдасбекова жасады.

     

29.05.2019ж
ОҚМПУ -дың бас ғимаратында Кəсіптік -шығармашылық факультетінің деканы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Тәңірбергенов Медеубек Жұматайұлының басшылығымен және Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасының профессор-оқытушылары құрамымен сонымен қатар"Бейнелеу өнері" жəне"Дизайн " мамандығының суденттерімен атсалыса бірлесіп ұйымдастырылған "ШАБЫТ ШИРАҒЫ ТҮРКІСТАН " "ҰЛТТЫҚ КИІМДЕР "шығармашылық көрмесі өтті.

04.06.04.2019ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДПГОГИКАДЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық пəндік олимпиадасында
"5В010700- Бейнелеу өнері жəне сызу "мамандығы "ART EDUCATION KZ :АДАМ ƏЛЕУЕТІ ДАМУЫНДАҒЫ ӨНЕР КҮШІ" , "СУРЕТ","СЫЗУ",жəне үй тапсырмасы бойынша. ІІІ Дəрежелі ДИПЛОМ мен МАРАПАТТАЛДЫ :
Ғылыми жетекшісі :С.Н.Жанбиршиев

2019-2020 оқу  жылындағы жетістіктері

03.10.2019ж
Мереке қарсаңында «Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері» кафедрасының магистр, аға оқытушысы Жолдасбекова Гульнар Дауренбековна «Білім беру саласының үздігі » құрметті атағымен марапатталды.

03.11.2019ж
ОҚМПУ, Кəсіптік-шығармашылық факультетіне қарасты 6В01403-музыка мұғалімдерін даярлау мамандығы, 1403-19 оқу тобының студенттері
"Жұлдызды қолтаңба" республикалық байқауында Жансерік Оразбек пен Арман Бейсенбаев екі бірдей бас жүлдені иеленді.
Жетекшілері: Досмағанбетова А.Т.
Риксибаева А.Б.
Сонымен қатар үздік өнер көрсеткені үшін Абдутəліп Аяжан Досымханқызы,Марқаш Мереке Багалықызы, Джарбакулова Гулдана Ержанқызы керемет өнерімен қазылар алқасы мен тыңдарманды тәнті еттіп марапаттарға ие болды . Жеңімпаз жүлдегерлермен университетіміздің ректоры Анар Қайырбекова кездесіп, оларға шығармашылық табыс тіледі.

      

2019 жылдың 12-17 қазан айында Талдықорған қаласында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатында «Дойбы 64»-тен көру мүшесі зақымдалған жастар арасында жарысқаі  106-18 тобының студенті Давранов Адилбек қатысып, ІІ және ІІІ орынды жеңіп алды.

2019 жылдың қазан айында өткен Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген  «ҰЛЫ ЕСІМ ИЕЛЕРІ, ШЕКСІЗ БІЛІМ ИЕГЕРІ» атты байқауда «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 106-16 тобының студенті Әуезхан Рәзия Бас жүлде жеңіп алды. 

2019 жылдың қазан айында өткен Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген  «ҰЛЫ ЕСІМ ИЕЛЕРІ, ШЕКСІЗ БІЛІМ ИЕГЕРІ» атты байқауда «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 106-18 тобының студенті Жақсылықова Ұлжан І орынды жеңіп алды. 

2019 жылдың қазан айында өткен Республикалық «Жас Дарын» ДБО ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай өткізілген  «ҰЛЫ ЕСІМ ИЕЛЕРІ, ШЕКСІЗ БІЛІМ ИЕГЕРІ» атты байқауда «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 106-18 тобының студенті Еркін Нұрай ІІ орынды жеңіп алды. 

ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің магистр оқытушысы Қасмырзаев Бекмырза СЕРТИФИКАТ "Сəлем саған,Түркістан " өнер фестивалінің "Түрленген Түркістан " тақырыбында кəсіпқой суретшілер арасында ұйымдастырылған кескіндеме өнері бойынша байқау -көрмеге үздік шығармашылық туынды ұсынып, белсенді қатысқаны үшін берілді . Құттықтаймыз

    

20.12.2019ж ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің аға оқытушысы Калыков Алмас Шулезбайұлы! СЕРТИФИКАТ ,АЛҒЫС ХАТ, Түркістан облысының мəдинет пен білім саласында үздіксіз еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын насихаттап маңыздың шығармашылық туындларыларынызбен көрермен көзайымына айналып ,Бейнелеу өнері музейінде жеке шығармашылық көрмесін халықназарына ұсынғаныңыз үшін берілді .

20.12.2019ж сағ:11:00 де ПРЕЗИДЕНТ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНГЕН ХАЛЫҚОВ АЛМАСТЫҢ "ДАЛА ҮНІ" ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Суретші, ұстаз Халықов Алмас Шүлезбайұлының «Дала үні» жеке шығармашылық көрмесі, Түркістан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Бейнелеу өнері музейінің ұйымдастыруымен өтті.

Мақсаты: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында суретшінің еңбектері мен өмір жолын насихаттау, жастардың бейнелеу өнеріне деген ынтасын арттыру. Өңір суретшілерінің, өнер өкілдерінің халыққа қолжетімділігі мен жақындығын арттыру, насихаттау.

Көрмеге Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Аяшев Оңалбай ОҚМПУ -дың ректор Анар Қайырбекова , кəсіптік-шығармашылық факультетінің деканы п.ғ.д, доцент М.Ж.Тəңірбергенов жəне аға оқытушылары қауым өкілдері қатысып, суретшіге алғыстарын білдірді.

Іс-шараға қатысушылар:

Шымкент қаласының әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы, Бейнелеу өнері музейінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оспанов Айнабек Мыңжасарұлы көрме авторына Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы атынан диплом, Бейнелеу өнері музейінің атынан сертификат табыстады.

Қала тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері, БАҚ өкілдері, өнер сүйер қауымдар тамашалады.

20.12.2019ж ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің аға оқытушысын Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қазақстанның "Құрметті ұстазы" Алмас Халықовты арнайы қабылдап, Елбасының атынан келген алғыс хатты табыстады.

Суретші 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа «Жан анам» туындысын жолдаған болатын. Өнер иесінің хаты мен сыйлығын қабыл алған Елбасы алғысын білдіріп, ыстық лебізін жеткізді . 

     

20.12.2019ж ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің аға оқытушысы Калыков Алмас Шулезбайұлы! СЕРТИФИКАТ ,АЛҒЫС ХАТ, Түркістан облысының мəдинет пен білім саласында үздіксіз еңбек етіп, халқымыздың рухани байлығын насихаттап маңыздың шығармашылық туындларыларынызбен көрермен көзайымына айналып ,Бейнелеу өнері музейінде жеке шығармашылық көрмесін халықназарына ұсынғаныңыз үшін берілді .

07.12.2019ж I Дəрежелі

ДИПЛОМ ЕЛБАСЫ Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫН "Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру "атты бағдарламалық мақаласын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен "Қазақстанның құрметті ұстазы "атты республикалық байқауының жеңімпазы ОҚМПУ -дың Кəсіптік-шығармашылық факультетінің аға оқытушысы магистр Калыков Алмас Шулезбаевич марапатталды.

2019 жылдың желтоқсан айында Хорватияда өткен «Croatia art competition» халықаралық өнер байқауында «Жеке орындау» - домбыра номинациясы бойынша 106-16 тобының студенті Рүстембек Әйгерім ІІ-орынға ие болды.

 

2019 жылдың маусым айында «The Second International Festival Contest of Child Youth Creativity «SUN OF TALENTS» атты халықаралық байқауда «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша 106-16 тобының студенті А.Нуридин І-орын және «Хор ансамблі» номинациясы бойынша «Музыкалық білім» мамандығының студенттерінен құралған «Хор ансамблі» Бас жүлде алды, жетекшісі кафедраның аға-оқытушысы Г.Е.Пернебекова.

  

2019 жылдың сәуір айында Шымкент қаласында өткен «URKER» Халықаралық өнер және білім байқауына «Эстрадалық ән» жанр бойынша 106-18 тобының студенті Жақсылықова Ұлжан Бас жүлде, «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша 106-15 тобының студенті Тұрсынбек Балажан Бас жүлдеге ие болды.