ХҚТУ профессоры Сәрсенбек Туртабаев ОҚМПУ ұстаздарымен тәжірибе алмасты

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушы құрамымен өзара тәжірибе алмасу мақсатында, сонымен қатар білім алушыларымызға лекция-семинарлар жүргізуге Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, техн.ғ.д. Туртабаев Сәрсенбек Қойшыбайұлы “Химия” кафедрасында “Химия”, “ Бейорганикалық химияның теориялық негіздері” пәндерін жүргізді. Аталмыш бағдарлама аясында болашақ химия, биология пәндерінің мұғалімдері мамандықтары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізеді.Сонымен бірге дәрістерде галоген, жетінші топтың негiзгi топша элементтерi фтор, хлор, бром, йод, астатин элементтерінің физикалық қасиеттерін талдайды. Ол үшін галогендердің химия жане физикалық касиеттеріне арнайы талдау жасалады.