Елбасы көшбасшылығының сабақтары

03.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде ҚР Тұңғыш Президент күніне орай «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті» коммерциялық емес АҚ-ы әкімшілік басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Парламент Мәжілісі үшінші шақырылымының депутаты, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, Мақтарал, Сарыағаш аудандарының және Түркістан облысының құрметті азаматы, облыстық мәслихаттың депутаты Аяшев Оңалбай Аяшұлы студенттерге «Қазіргі Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» тақырыбында лекция оқыды.

Ашық сабақ барысында студенттерге тұңғыш Президентіміздің ел үшін атқарған еңбектері дәріптеліп, көшбасшылыққа баулитын қасиеттері тілге тиек етілді. Сабақ соңында филология факультетінің 3-курс студенті Балқыбек Нұрислам Еласыға арнаған өлеңін оқыды.

 

Бірлігін ұлттың байытқан,

Бағына елдің туады ер.

Мен оқып жүрген тарихқа,

Қарт Алатауым куәгер.

 

Қаруы "намыс" құрыштан,

Ерікті беріп қылышқа.

Тәуелсіздік пен тәуелдік,

Жекпе-жек шығып,ұрысқан.

 

Шайқаста көшіп,ер іске,

Табады ерлік тең үстем.

Жете алды ұлы ұрыста,

Тәуелсіздігім жеңіске.

 

Қаныма сіңген арлылық,

Қазаққа ғана тән қылық.

Тәуелсіз елге төс белгі.

Шексіздік жəне мәңгілік.

 

Өнеге боп білімі бүгінгіге,

Ұл-қыз өсіп келеді бүгін,міне.

Соның бәрі Елбасы қамқорлығы,

Ұрпақ үшін айналған жыр-үлгіге.

 

Білді бөбек есімін бесіктен де,

Шаттық күйін келеді кешіп кеуде.

Қазақстан деп білер бүкіл әлем,

Назарбаев есімін есіткенде.