Озық үрдіс

11.12.19

 Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында британдық профессор, PhD докторы Александр Джозеф Ромишовски «Информатика» мамандығының 3-курс студенттеріне дәріс өткізуде. Сабақ барысында заманауи технологиялардың кең қолданысы қамтылып, оқып-үйренудің жаңаша тәсілдері ұсынылуда. Сонымен бірге, студенттер қазақстандық және шетелдік тәжірибе  негізінде практикалық дағдыларды дамытып, әлемдік стандарттарға сай  білім берудің озық үрдісімен танысуда.