Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және оларды ЖОО білім беруде пайдаланудың өзекті мәселелері

12.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті факультеттері бойынша мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» және оларды ЖОО білім беруде пайдаланудың өзекті мәселелері» атты арнайы семинар өтті. Тарихи кітаптар бойынша «Panorama:Дүниежүзі тарихы», 1-2-ші кітап (авторлар Росс Е. Данн, Лара Дж. Митчелл) ерте тарихқа қатысты жағының ерекшеліктері туралы т.ғ.к. Алдаберген Мүсілім Нұрмағанбетұлы, ф.ғ.к., доцент, Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі Сыздықова Гауһар Мансұрқызы, PhD Алдабергенова Молдир Кенесбековна баяндамалармен сөз сөйледі. А.Барнардтың «Антропология тарихы мен теориясы» кітабына т.ғ.к. Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы, С.Г. Тер-Минасованың «Тіл және мәдениетаралық коммуникация» кітабына ф.ғ.к., доцент м.а. Бегдаулетова Қарлығаш Дүйсенбекқызы және SAPIENS кітабы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығы басшысы, т.ғ.к., доцент м.а. Анарбаев Қайрат Сапарханұлы түсініктемелер берді.