Студенттердің жетістіктері

    /sites/default/files/u60/magistr_tulekter.docx     

   7М01701 -Қазақ тілі мен әдебиеті педагогін даярлау

   6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білімалушыларының Coursera онлайн курсынан өтуі

   

 

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

     Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық университетінде  6  наурыз күні «Рух сардары» деген атпен ақындар айтысы өтті. Ө.Жәнібековке арналып өткен айтысқа республикамыздың әр аймағынан Аян Ниязбек, Айым Асылбекқызы, Ердәулет Ыбыраев, Нұрбол Жауынбаев, Дәурен Ысқақ, Жандос Мырзабеков, Нұрдәулет Өмірбеков, Мейіржан Жарылқап, Нұрмахан Жақыпбек, Әсет Ақылжанов, Мейірбек Жақсылықов, Ахметрасул Баянбай, Даниял Болысбек, Сұлтан Сәуірхан сияқты жас ақындар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.  Филология факультеті 6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының бірінші курс студенті Сәуірхан Сұлтан Ерланұлы сөз додасында озып шығып, жүлделі екінші орынды иеленді. Айтыс  тапқырлық пен ұшқыр ойдың, шешендіктің көркем көрінісі.  Айтыс – ұлттық құндылықтарымызды бойына жинаған сөз өнері. Табиғатынан өнерге жақын Сұлтан 13 жасынан бастап айтыс сахнасында өз өнерін көрсетіп келеді. Қазіргі таңда көптеген айтыстардың жеңімпазы. 
Сәуірхан Сұлтанды жеңісімен құттықтаймыз. Ұлттық құндылығымызды жаңғыртып жүрген Сұлтанға болашақта да сәттілік тілейміз!

               

     ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

  Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының үшінші курс студенті Нұризат Сайлауқызы "Мұзбалақ Мұқағали" республикалық көркемсөз, мәнерлеп оқу, актерлік шеберлік байқауынан жүлделі І-орын иеленді.

    

 

      ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының бітіруші курс студенті Нұрлы Нұрланқызы - "ОҚПУ елшісі" төсбелгісінің иегері.

     Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл марапаттың мәні мен маңызы нақты түсіндірілген: "Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ, университеттің үздік және қоғамдық шараларға белсенді студенттеріне "ОҚПУ елшісі" төсбелгісі тағылды. Оқу орнымыздың бет-бейнесін қалыптастырып жүрген мақтаныштарымыз алдағы уақытта қай салада еңбек етсе де университет түлегі екенін еске салатын бұл белгінің символикалық мәні зор".

                 

     ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығына орай жастарымыздың шебер де шешен сөйлеу дағдысын қалыптастыру, көшбасшылық қабілетін, жан-жақты тұлғалық дамуын жетілдіру мақсатында студенттер арасында өткен ІІ республикалық "Ділмар" шешендік өнер байқауында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1-курс студенті Алтынбекова Динара Талғатқызы 1-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Арнайы дипломмен және 300 000 теңгемен марапатталды.

   Ата-бабаларымыздың рухани мұрасын ұлықтаған, жан-жақты дамыған көшбасшы тұлға болуға ниетті жалынды, жігерлі, намысты жастар қатысатын сөз додасына "Ділмәр" шешендік өнер байқауының жоба авторы - Жарқын Саленұлы.

   Байқау демеушісі: "Атамұра" корпорациясы.

       

 

    Құттықтаймыз!

    Қаламыздың волонтер жастарын мемлекеттік қолдау мақсатында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен "Жас волонтер" жобасы аясында волонтерлік ұйымдардың үздік жобалары байқауында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-дың филология факультетінің 2-курс студенті Шер Мухаммад Марзия "Тазалайық" авторлық жобасымен арнайы грант ұтып алып, жеңімпаз атанды.

    Жалпы 5 бағыт бойынша 50 жоба ұсынылса, оның ішінде "Жас волонтер" жобасы бойынша жиырмаға жуық өтінім келіп түскен. Екінші кезеңге жолдама алған 10 волонтерлік жұмыстан оқ бойы озып шыққан 3 волонтерлік жоба 1 миллион теңге көлемінде қаржыландырылды.

    Соның бірі - Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенті - Шер Мухаммад Марзия.

    Жеңімпазға шығармашылық табыс, мықты денсаулық тілейміз!

        

   

 

  Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау БББ білімалушылары COURSERA  онлайн-курстарынан өтті

             

  

СҮЙІНШІ!!!

Құттықтаймыз!

  25-26 сәуір күндері Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінде ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орайластырылған ХҮ республикалық пән олимпиадасында 19 команданың арасынан "6В01701-Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау" білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрланқызы Нұрлы және 4-курс студенттері Есіркеп Қарлығаш, Тұрар Әлима командалық есеп бойынша ІІІ дәрежелі жүлделі орынға ие болды. Ғылыми жетекшісі, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Пазылова Алмагүл апайымыз. Тест, талдау, сабақ өту сынды үш турдан тұрған сайыста біздің шәкірттер қарсыластарынан оқ бойы озық болып, білімділік танытты. 

    

 

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1701-11 оқу тобының студенті, мемлекеттік білім грантының иегері, "Алқа" әдеби бірлестігінің жетекшісі Сатбаева Әйкен "Bilim-Orkenieti" ұлттық-инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырған "Жаңа Қазақстан Жастар саясатының үздігі" республикалық байқауына қатысып, І-дәрежелі диплом мен төсбелгі иегері атанды. Жаңа Қазақстанның дамуына белсене атсалысып, тұғырлы елдің ертеңін қалаушы жастарымыз көп болсын!

        

 

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

   Ұлыстың ұлы күніне орай  Шымкент қаласында ұйымдастырылған республикалық "Наурыз" айтысында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, филология факультеті, Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1-курс студенті Болысбек Даниал жүлделі 3-орынды иеленді. Жас ақынды шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 1701-22 оқу тобының студенті, айтыскер ақын, "Күміс домбыра" иегері БОЛЫСБЕК ДАНИАЛ "Жылдың үздік студенті" атанып, І-дәрежелі дипломмен марапатталды. 

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген "ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ" атты республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған Болысбек Даниал Нұрбекұлын құттықтаймыз!

                       

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті Қазақ  тілі мен әдебиеті кафедрасы ІІ-курс, 1701-31 тобының білім алушысы РАХМЕТОВА РУХШОНА РАШИДҚЫЗЫ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" атты Қазақстан халқына арналған жолдауын ҚР жастары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген республикалық байқауда жеңімпаз атанып, "Жылдың үздік студенті"  дипомымен, арнайы төсбелгімен марапатталды. Білім мен ілім ізденуде қанаты талмай, биіктерді бағындыра беруін тілейміз. 

  

 

Құттықтаймыз!

      Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Филология факультеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ІІ-курс, 1701-11 оқу тобының магистранты Кенжебек Айдана Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде өткен эссе жазу байқауына қатысты. Көрнекті әдебиеттанушы ғалым, қоғам қайраткері Тұрсынбек Кәкішұлының 95 жылдығына орай халықаралық "Т.Кәкішұлы оқулары" аясында өткізілген "Т.Кәкішұлының азаматтық тұлғасы және қайраткерлік қыры" атты эссе байқауында Айдана ІІІ-орынды иеленіп, арнайы дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі - ОҚМПУ доценті, ф.ғ.к. Амангелді Мамыт.