Тәуелсіздігім-тірегім

20.12.19

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті ректорының кубогына арналған "Тәуелсіздігім-тірегім" тақырыбында республикалық  пікірсайыс  турнирі өтті. Тәуелсіздіктің көк байрағы көкте қалықтап, тұғыры тіктелгеніне 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған шараға Қазақстанның әр аймағынан Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалалары, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облысынан 100 ден аса зерек те, зерделі жас жиналды. Турнир қорытындысында  үздік ойын көрсеткен қатысушыларға арнайы диплом және қаржылай сый берілді.