Студенттердің жетістіктері

2024 жылдың 15-21 ақпан күндері Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде өткен «Моя душа – родной язык» атты халықаралық олимпиадада Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттері жүлделі III орын иеленді.

Олимпиадаға қатысушылары 6В01705 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Байдулла Арайлым Нурдиллаевна және Сапарбекова Жанерке Нурболовна. 

Жетекшілік еткен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Орынбетова Эльмира Асилтаевна.

 

 

 

 

 

 

2017 жылғы 13-14 сәуір аралығында Астана қаласы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 5В011800 - «Орыс тілі мен әдебиеті» - мамандығының студенттері Республикалық пәндік олимпиадасына қатысты. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті филология факультеті студенттерінің командасы лайықты жеңісімен оралды: командалық есепте үшінші орынды, конкурсқа үшінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Таранов Яна, команда капитаны, жеке біріншілікте екінші орын үшін екінші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Гузалова Гүлзада - команданың мүшесі, орыс тілі мен әдебиетінің лауреаты

Абдажова Тахмина - команданың мүшесі, орыс тілі мен әдебиетінің лауреаты

 

Филология факультетінің 6В01702- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау ББ-ның 1 курс студенті Хашимова Севинч Ильхамжановна “ Үздік студент” атанды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Филология факультетінің 6В01705 ББ 1 курс студенті Серикбаева Адина Арманқызы “Қазақстан үміті” республикалық шығармашылық конкурсында Бас жүлдеге ие болды.