Студенттерге арналған бесінші жатақхана ашылды

25.12.19

24 желтоқсанда «Нұрсәт» мөлтекауданында   университетіміздің жаңа салынған жатақханасының ашылу салтанаты өтті. 241 орынға лайықталған жайлы ғимаратқа жаратылыстану факультетінің студенттері жайғасты. Студенттерге арналған  ғимаратты қала әкімі Ерлан Айтаханов салтанатты түрде ашты. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов өз сөзінде баршаңызды мейрам алдында жайлы орынға қоныстануларыңызбен құттықтаймын. Шымкенттегі жатақхана қажеттілігін жою бойынша жұмыс атқарып жатырмыз. Мәселен, осы жылы бүгінгі 240 және 350 орынды екі жатақхананың құрылысы аяқталып, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді,- деп атап өтті.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова жалпы жастар жылы табысты аяқталды. Бұл университетіміздің студенттерге арналған бесінші жатақхана. Жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына жағдай жасап отырған мемлекетімізге алғысымызды білдіреміз, деді өз құттықтау сөзінде.