Студенттердің жетістіктері

 

 

Студенттердің Университет бойынша пәндік олимпиадаларға қатысуы

Ағылшын тілі кафедрасының профессор оқытушылары  жыл сайын пәндік олимпиада ұйымдастырады. 1-4 курс студенттері қатысып, білімдерін сынайды. Олимпиада жазбаша және ауызша форматта өтеді.

 

Студенттердің республикалық, халықаралық байқаулар бойынша  жетістіктері

Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының студенттері республикалық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болады.

«Үш тілді, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында өткізілген «ТІЛ ДАРЫН -2020» байқауының II-ОРЫН иеленген 207-18 оқу тобының студенті Самат Асанұлы.

 

 

«Жылдың үздік студенті» атты республикалық байқауының қатысушысылары:

119-27 оқу тобының студенті Камал Мадина, 1703-39 оқу тобының студенті Омар Аида.

119-26 тобының студенті Сырлыбаева Надира ТМД елдеріндегі халықаралық дипломатия мектебі ұйымдастырған жобаға қатысты. 2018 ж. Агреван қ., Армения

 

"ОҚМПУ-елшісі" төсбелгісінің иегері:

1703-20 оқу тобының білім алушысы Әмзе Несібеліұлбала білім алуда жоғары нәтиже көрсетіп, ғылым және тәрбие саласындағы жетістіктері үшін Басқарма төрағасы - Ректор Г.Д.Сүгірбаеваның Алғыс хатымен және де университеттің қоғамдық өміріне қосқан үлесі үшін "ОҚМПУ-елшісі" төсбелгісімен марапатталды.

Сонымен қатар, 1703-20 оқу тобының білім алушысы Әмзе Несібеліұлбала 2023 жылдың 17-24 қараша аралығында Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласында Erasmus бағдарламасының қаржыландыруымен халықаралық CoMeDeVa жастар іс-тәжірибесінен өтті. Халықаралық іс-тәжірибеге Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия, Литва, Венгрия, Словакия мемлекеттерінен келген белсенді жастар қатысып, тәжірибе алмасты.

 

"ТМД-ның үздік студенті" төсбелгісінің иегері:

1703-12-5 оқу тобының білім алушысы Әміреш Аружан қаңтар айында “Bilim-Orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен Үздік студенттер академиясының ұйымдастыруымен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының студенттері арасында өткізілген “ ТМД-ның үздік студенті” атты халықаралық байқауына қатысып, жеңімпаз атанды.

Ағылшын тілі кафедрасының оқытушысы Саидваққасова А.Х. жетекшілігімен оқу озаты Аружан І дәрежелі диплом мен “ ТМД-ның үздік студенті” төсбелгісімен марапатталды.

 

"Елбасы медалі" жобасының қатысушысы:

1703-11-4 оқу тобының білім алушысы Арапбаева Бану желтоқсан айында еліміздегі ең ауқымды challenge “Елбасы медалі” жобасына қатысып, қола медаль иегері атанды.

Бану білім мен қоғамдық өмірді қатар алып жүрген белсенді білім алушыларымыздың бірі. Оның дәлелі филология факультетінің 2022-2023 оқу жылындағы «Студенттік деканат» ұйымы, «Жалын» ұйымы, «QSA» Қазақстан студенттер альянсы және «Meyirim soul» Қайырымдылық командасына мүшелік етуі.

 

"Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы" республикалық байқауының жеңімпазы:

2301-10 оқу тобының білім алушысы Камилжанова Камола желтоқсан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын дарынды жастардың арасында кеңінен насихаттау, жастардың бойында инновациялық идеяларын арттыру, ғылыми, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында Елорданың 25 жылдығына орай өткізілген "Жылдың 100 үздік ғылыми жобасы" республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен және «Үздік ғылыми жоба авторы» төсбелгісімен марапатталды