ОҚМПУ АККРЕДИТАЦИЯДАН ӨТУДІ БАСТАДЫ

 

Бүгін IQAA Білім беруде сапаны қамтамасыз ету тәуелсіз агенттігінің сарапшылық тобы кезекті мәрте Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетін бағдарламалық аккредитациядан өткізу мақсатымен сыртқы аудит жұмыстарын бастады.

Сыртқы аудит білім беру сапасын жақсартуға ықпал ету, оқу орнымыздың ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндетін көздеп, өз миссиясын, стратегиялық бағдарын, білім беру сапасын арттыру басымдықтарының орындалуын бағамдауды, менеджменттің жолға қойылуын, ақпараттарды басқарудағы рөлін, студенттердің білім алу деңгейін, оларға білім беруді бағалау, біліктілік талаптарына сәйкестілігі, оқу-әдістемелік жұмыстың тиімділігі, тағы басқа маңызды параметрлер бойынша іске асырып, сарапқа салады.

Сарапшылық топ өкілдері аккредитация жүргізудің бекітілген стандарттарына сәйкес, ОҚМПУ басқарма төрағасы-ректормен, проректорлармен, университеттің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілерімен, кафедра меңгерушілерімен, оқытушы-профессорлық құраммен, білім алушылармен, бітіруші курс студенттерімен жеке-дара сұхбаттар жүргізіп, пікір алмасады. Оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, оқу-зертханалық мүмкіндіктерінің аккредиттеуге жататын білім бағдарламаларының бағыттарына сәйкестілігін анықтайды.

Фото Береке Сейітжаппар