Спорт клубы

Спорт клубының негізгі мақсаттары:

● Студент жастарды спортқа деген қызығушылықтарын оятып және бос уақытын тиімді пайдалануына жағдай жасау. Оқытушылар мен студенттердің салауатты өмір салтымен денсаулығын нығайтуға арналған бұқаралық дене шынықтыру мен спорттық іс-шаралар өткізу;

● Спортшы студенттер арасында достық, бауырластық және халықтар бірлігі идеяларын насихаттау;

● Университеттегі барлық жастағы оқытушы-профессор құрамын және студенттерді салауатты өмір салтына шақыру және олардың денсаулығының кепілі спорт екенін мойындату;

● Спортпен айналысу арқылы жастардың денсаулығын сақтауды насихаттау;

● Қазақстан Республикасының, Азия және Әлем чемпионаттарынан орын алып жүрген студенттерді университет тарапынан жеңілдіктерге ұсыну және өзге де жағдайлар жасау;

● Студент жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына бағыт-бағдар жасау;

● Талантты спортшы жастарға қолдау көрсету. Университетте дене шынықтырудың бұқаралығын арттыру мен жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындау.

  

Спорт клубының негізгі міндеттері:

● Университет студенттерін сабақтан тыс уақыттарда талапқа сай спортқа баулуды ұйымдастыру;

● Мерекелік іс-шараларға спорттық жарыстар ұйымдастыру;

● Спорттық іс-шаралар өткізу алдындағы мерекелік безендіру жұмысын жүргізу;

● Спорт түрлерінен өтетін әр-түрлі деңгейдегі жарыстарға (спартакиада, универсиада, студенттер мен қызметкерлер арасындағы) университеттің құрама командаларын дайындау;

 

Спорт клубы жұмысының мазмұны:

● Спортшы студенттерді қазақстандық патриотизм, адамгершілік рухында тәрбиелеуге сай келетіндігін бақылау;

● ҚР 2014 жылдың 3 шілдесіндегі №228 Дене шынықтыру және спорт туралы заңын ұстану;

● Спорттық үйірмелер жұмысын қажетті деңгейде ұйымдастырып отыруға;

● Болашақ мамандардың спорттық дамуына қамқорлық жасау;

● Спорт мектеп интернаттарымен, облыстық, қалалық спорт мектептерімен тығыз қарым-қатынасты нығайту.

 

Спорт клубы әр түрлі спорт түрлерінен спорттық үйірмелер ашып студенттердің уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасап отыр.

               Спорт клубына қарасты секциялардың жаттықтырушылары:

Темірханов Мұзафар Темірұлы п.ғ.к., профессор, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, каратэ-додан 6-дан иегері.

 Ибрагимов Қадыр Исмайылұлы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, футболдан ҚР спорт шебері, ҚР дәрежедегі төреші.

Мынғышов Нұрсұлтан Тоғызбайұлы қазақ күресінен ҚР спорт шебері, Түйе палуан. ҚР чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы. 2015-2016 жылы «Қазақстан-Барысы» турнирінің қатысушысы,Үздік спортшы.

Кадирбекова Перизат Шырынбекқызы дзюдо күресінен ҚР спорт шебері, екі дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы және Азия кубогының жеңімпазы. Ашық Европа кубоктарының жеңімпаз жүлдегері. Қазақстанның ұлттық құрама мүшесі.

Сотов Виктор Викторович баскетболдан ҚР спорт шебері, ОҚО құрама командасының бапкері, аға оқытушы.

Ускеналиев Азамат Қайратұлы самбо күресінен ҚР спорт шебері, жаттықтырушы. Магистр оқытушы.

Катешов Мади Джумаевич каратэ-додан ҚР спорт шебері, жаттықтырушы. Магистр оқытушы.

Балабаев Ержан Шертайұлы каратэ-додан спорт шебері, жаттықтырушы. Аға оқытушы.

Тұрдалиев Алдияр Тыныштықұлы аға оқытушы, шахмат, тоғызқұмалақтан жаттықтырушысы.

Садибекова Эльмира Сабырқызы аға оқытушы, гимнастикадан жаттықтырушы.

Лауланбеков Алиби Бердиярұлы аға оқытушы, қол күресінен жаттықтырушы.

Жұматаев Ордабек Қайратұлы магистр оқытушы, волейболдан жаттықтырушы.

Бөлім құрамы:

хатшы

Байсыдықова Камшат Серікбайқызы

жаттықтырушы

Ибрагимов Қадыр Исмайылұлы

жаттықтырушы

Кадирбекова Перизат Шырынбекқызы

жаттықтырушы

Мынғышов Нұрсұлтан Тоғызбайұлы