Кафедра тарихы

Музыкалық білім кафедрасы

«Музыкалық білім кафедрасы» Оңтүстік Қазақстан облыстық Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық институтының «Тарих» факультетінің құрамында «Музыка секциясы» бөлімі атауымен 1973 жылы ашылды. «Бастауыш мектеп педагогикасы» кафедрасының құрамында болып кафедраны профессор Е.А.Ағманов басқарды. 1973-1974 оқу жылдарында алғаш рет «Бастауыш оқыту педагогикасы мен методикасы» факультеті ашылып, оның деканы Василий Белоглазов және кафедра меңгерушісі қызметіне Борис Беглов тағайындалды. 1977-1981 оқу жылдары аралығында «Музыка секциясы» кафедрасының меңгерушісі болып Бақыт Мұхамедгалиева тағайындалды. Кафедра құрамында Әбдеш Нұрымов, Райымбек Темірбаев, Ұлбосын Тәжібаева, Надежда Коваленко, Лев Васильевский және т.б. педагогтар қызмет етті. 1981-1991 жылдар аралығында кафедраны п.ғ.к. доцент Ерке Байдибекова басқарды.
1994 жылдың қыркүйегінде «Мәдени тынығу жұмыстары» кафедрасы болып ашылып, п.ғ.к. Пернебек Момынұлы кафедра меңгерушісі болып тағайындалды. Кафедраның алғашқы ұстаздары білікті маман иелері: Ұлбосын Тәжібаева, Бақыт Мұхамедгалиева, Бекен Әжібеков, Әбдеш Нұрымұлы, Сауле Жақсыбекова, Бахадир Исматов, Алена Досбағанбетова, Ляззат Арипбаева және т.б. жұмыс атқарды.
1994 жылы 0614-«Мәдени тынығу жұмыстары ұйымдастыру» мамандығы, 1999 жылы 031740-«Саз және ән айту», 2003 жылы 031740-«Музыкалық білім», 2004 жылы 050106-«Музыкалық білім», 2009 жылы 5В010600-«Музыкалық білім» мамандығы, 2019 жылдан 6В01403-«Музыка мұғалімін даярлау», 7М01403-«Музыка педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламалары Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына сәйкес, аймақта сонымен қатар, жалпы елімізде еңбек нарығында сұранысқа ие білікті және бәсекеге қабілетті жоғары білікті педагог-музыка мұғалімдерін үздіксіз және жүйелі дайындайды.
Кафедра меңгерушісі қызметін атқарғандар: 1994-1996 жылдары Пернебек Момынұлы, 1996-1997 жылдары Ә.Нұрымов, 1997-1998 жылдары Д.Кемешев, 1998-2003 жылдары С.Жақсыбеков, 2003-2007 жылдары Қ.Шойынбаев, 2007-2011 жылдары п.ғ.к., доцент Ә.Утешева, 2011-2013 жылдары п.ғ.к. Л.Арипбаева, 2013-2015 жылдары филос.ғ.к. И.М.Куленова басқарды.
2015 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚР «Мәдениет саласының үздігі», доцент м.а. Алена Төребекқызы Досбағанбетова кафедраны басқарып келеді.
Бүгінгі таңда кафедрада 25 оқытушы еңбек етеді, оның ішінде: 2 ғылым докторы, профессор, 3 ғылым кандидаты, 3 «ҚР мәдениет қайраткері», 8 «ҚР Мәдениет саласының үздігі». Барлық оқытушылардың базалық білімі білім беру қызметінің біліктілік талаптарына сәйкес келеді.
Кафедра оқытушылары әртүрлі музыкалық аспаптарда ойнауға (домбыра,қобыз,баян,бас-домбыра,фортепиано), балалар хорына жетекшілік етуге, халық аспаптар оркестрін ұйымдастыра білуге және фольклорлық ансамбльге жетекшілік етуге, академиялық және эстрадалық бағытта ән айтуға үйретеді. Кафедрада хор ұжымы (жетекшісі Г.Е.Пернебекова, Ж.А.Сакибекова), Түркия мемлекетінің Ялово қаласында өткен «Түрік тайпалары» түркі тілдес халықтары фестивалінің жүлдегері «Қазығұрт» фольклорлық ансамблі (жетекшісі А.М.Қарсыбаева), Аспаптық квартет (жетекшісі Лес М.К.) жұмыс жасап, студенттерді шығармашылыққа баулиды.
«Өнер» студенттік ғылыми-шығармашылық (жетекшісі М.С.Смаилова), оқу-әдістемелік жұмыстары (жетекшісі Ш.С.Арыстанова) үйірмелерінде оқытушылар мен білім алушылардың ғылыми-шығармашылық жұмыстармен айналысуына ықпал жасайды. Кафедра профессор-оқытушылар құрамы Sсopus, ЖАК, алыс-шетел, халықаралық, республикалық ғылыми-конференцияларда мақалалар жариялап, оқу-құралдарын баспадан шығаруда.
«Музыкалық білім» кафедрасы әр жылдары НААР рейтингі және ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» ЖОО білім беру бағдарламаларының рейтингісі бойынша 6В01403-«Музыка мұғалімдер даярлау» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) бірінші орында, 7М01403-«Музыкалық білім педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы (магистратура) НААР рейтингі бойынша 2-орында келеді.
Кафедраның мақтаныш-түлектері: ҚР Еңбегі сіңірген қайраткері, «Дарын» жастар сыйлығы, «Құрмет ордені», «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» төсбелгісінің иегері Алтынай Жорабаева;
«Шәмші Қалдаяқов» атындағы халықаралық ән байқауының ІІ-ші орынды иегері, «Арай» республикалық ән байқауының дипломанты, жылдың «Ең үздік опера орындаушысы» номинациясы иегері Ерлан Жандарбай, ҚР Мәдениет қайраткері Хадиша Шалабаева;
Республикалық «Жас қанат», Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаты,«Азия-Шанхай» байқауының «Ең үздік ер дауысы» номинациясының иегері Әлден Жақсыбеков;
Халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші, сазгер Бақытжан Қажымұқанов;
«Ел» продюсерлік орталығы, «Қазақфильм» киностудиясы, «Қазығұртфильм» киностудиясы, Қазақ радиосында музыкалық редактор, «Хабар» телеарнасының музыкалық редакторы қызметтерін атқарған, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімінің жетекшісі, баспасөз-хатшысы Самат Қансейітов;
Республикалық «Жас Қанат» байқауының, Халықаралық ән байқауларының жүлдегері, Қытайдың Шанхай қаласында өткен Халықаралық «Азия әндері» байқауында «Азияның ең үздік дауысы» номинация бойынша жеңімпазы, «Дарынды ұстаз» төсбелгісінің иегері Айгүл Адиханова;
«Наурыз-2014» айтысында 1-ші орын иегері, Ташкент қаласында өткен Әйтеке биге – 370 жыл «Біз бір халықпыз» халықаралық айтыста 1-ші орын, «Наурыз» республикалық айтысының «Бас жүлдегері», Қырғызстан Республикасында өткен халықаралық айтыстың 1-ші орын иегері, Шымкент қаласы «Қаратау дәстүрлі» өнер мектебінің ұстазы, айтыскер-ақын Қажымұқан Абзалов;
«Қазақстан дауысы» байқауының «Қазақстан барысы» атағының жеңімпазы әнші Данияр Исмаилов.
Кафедрада білім мен мәдениет саласында шәкірттер тәрбиелеп жүрген ұстаздар шығармашылық жұмыстарға студенттерді баулып, еселі еңбек етіп келеді. Студенттеріміздің жетістіктері:
Еуропада өткен интернет-байқаулардың лауреаттары:
2015-2016 оқу жылы: Еркебұлан Сабит Ресей (І), Франция (ІІ), Ұлыбритания (І) (жетекшісі Қарсыбаева А. М.);
2016-2017 оқу жылы: Сәбит Еркебулан-Австрия І орын (жетекшісі Карсыбаева А. М.), Ерсінбек Жасұлан-Франция І орын (жетекшісі Арыстанова Ш. С.), Айлез Назерке-Германия гран при (жетекшісі Досбағанбетова А. Т.), Айтбай Ақбопе-Дания ІІ орын (жетекшісі Байбатшаева С. З.), Алижанова Амина-Ирландия гран при (жетекшісі Досбағанбетова А. Т.), Злаева Акниет-Испания ІІ орын (жетекшісі Арыстанова Ш. С.);
2019-2020 оқу жылы: Әуезхан Разия-Швейцария ІІІ орын, Рүстембек Әйгерім-Хорватия ІІ орын (жетекшісі Байбатшаева С. З.); Бейсекул Акгуль-Италия І орын (жетекшісі Смаилова М. С.); Бейсекул Акгуль және Манак Даурен-Франция ІІ ороын (жетекшісі Сраилова Р. Т.), Дастан Асель-Франция І орын (жетекшісі Байбатырова У. А., сүйемелдеуші Дюсебаев С. Б.), Бейсенбаев Арман-Италия бас жүлде (жетекшісі Досбағанбетова А. Т.);
2020-2021 оқу жылы: Арман Бисенбаев Испанияда өткен «World art Games» халықаралық байқауында «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша І-орын, жетекшісі: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» А.Досбағанбетова; Махмудов Азамат «American edition»(АҚШ) халықаралық байқауынның «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша І-орын иегері;
Оразбек Жансерік Халықаралық «Премия нового формата» фестиваль-байқауының «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша бас жүлде, жетекшісі: С.Дюсебаев.
2021-2022 оқу жылы: Арман Бисенбаев «ALASH STAR» Халықаралық өнер байқауы «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕ, Халықаралық «ТМД-ның үздік студенті» байқауының жүлдегері, жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» А.Досбағанбетова;
Махмудов Азамат Халықаралық «АLASH STAR» өнер байқауының Аспаптық орындау номинациясы бойынша І орын, жетекшісі ҚР «Мәдениет саласының үздігі» А.Досбағанбетова;
Ибраим Мұрат I- Халықаралық «Түркістан сазы» өнер байқауы І-орын, Халықаралық «World Art Games» Интернет-байқауы (Испания) І-орын, «Ұлы дала мұрасы» Республикалық шығармашылық байқауының аспаптық орындау номинациясы бойынша І-орын, жетекшісі Ж.Ахметова.
Абдрахман Орынбасар Алматы қаласында өткен ХІV республикалық пәндік олимпиадаға «Музыкалық білім» мамандығының «Музыка мұғалімінің орындаушылық шеберлігі» номинациясы бойынша ІІ-орын, жетекшісі: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Р.Таубаева.
2022-2023 оқу жылы: Әкімжан Өміртай Семей қаласында ҚР Зағип өнерпаздары арасында өткен «Екі жұлдыз» ән фестивалінің «Бас жүлде» иегері , жетекшісі: ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Ұ.А.Байбатырова.
«Музыкалық білім» кафедрасы көптеген жылдар бойы бәсекеге қабілетті білікті педагог-музыка мұғалімдерін дайындау жолында білім алушыларға музыкалық білім саласында сапалы білім беру қызметін көрсету бойынша жүйелі жұмыстарын жүргізіп келеді.