Кафедра тарихы

      2012 жылы Ғылыми кеңес шешімімен ``Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық`` кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к., профессор М.Т. Темірханов тағайындалды. 2014 жылы Ғылыми кеңес шешімімен ``Дене шынықтыру`` кафедрасы болып қайта құрылды,  кафедра менгерушісі п.ғ.к., аға оқытушы Е.А. Битабаров бекітілді. 2021 жылдың 31 тамыз күнгі  Ғылыми кеңес шешімімен ``Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру`` болып өзгертілді кафедра меңгерушісі болып философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Н.Б. Шегенбаев тағайындалды. Кафедра "6В01401 Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврлар даярлайды және барлық факультет студентеріне дене шынықтыру сабағын жүргізеді.