АЛПЫС ТӨРТ ЕЛДІҢ ІШІНДЕ - ЕКІНШІ!

 

Сүйінші, құрметті оқырмандар!

Сіздерге оқу орнымыздағы жеңісті жаңалықты түске дейін хабарлап үлгергенімізше тағы бір сүйінші хабар лебі естілді! Оқу орнымыздың денешынықтыру және спорт факультетінің 2-курс студенті Сабина Юлдашбекова Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдо күресінен əлем чемпионатында жүлделі екінші орынды жеңіп алды!

Сабина күрестің бұл түріне он жасынан бастап қатысады. Қазір үздіксіз жаттығып жүргеніне 7 жылдан асқан.

Алпыс төрт елдің ішінде екінші тұғырдан туымызды желбіреткен мақтанышымызды құттықтаймыз!