РЕКТОР ГРАНТЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Университетіміз болашақ жас мамандарды даярлап қана қоймай, қоғам алдындағы жауапкершілігін де әркез сезініп келеді.  Оқу жылының басында арнайы комиссия шешімімен кейбір университеттерде ішкі гранттар тағайындалады. Үміткердің отбасы жағдайы, үлгерім көрсеткіші және университеттің қаржылық мүмкіндігі қаралады.

 Бүгін біз де ұжымдық жиында ректор грантының иегерлерін құттықтап, сертификат табыс еттік. Ректор грантын ҰБТ-да тиісті балл деңгейіне жете алмаған алтын белгі түлектері иеленді. Грант ғылыми кеңестің шешімімен тағайындалды. 

Биылғы ректор грантының иелері — Гусейнова Камила (алтын белгі иегері (114 балл)В007 – Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білімгері), Торланова Шұғыла (Алтын белгі иегері (101 балл) В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білімгері) және Орынбаева Ардақ (В018 – Шет тілі мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасының білімгері. 

Сондай-ақ, университетімізде ұзақ жылдан бері декен қызметін атқарған Эльмира Оразбаева да жемісті еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды. Құттықтауға грант иегерлерінің ата-аналары да қатысып, өздерінің ризалығын жеткізді.

Фото Береке Сейітжаппар