Екі университет ғалымдары бірігіп дәріс оқыды

14.05.20

Абай атындағы Қазақ Ұлттық  педагогикалық университетіндегі С.Қирабаев есімін иемденген Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлар құрамы бірігіп  студенттер мен  магистранттарға дәріс оқуды дәстүрлі үрдіске айналдырып келеді.  Бұл жолы кезекті дәрісті С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының  меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Қалбике  Есенова  «Ғылымның жаңа парадигмасындағы тоғыстырушы үрдістер» тақырыбында жалғастырды.   Ғалым сабақ барысында лингомәдени концепт пен әлеуметтік-семантикалық концепт, тар мағыналы стереотип терминдерінің мәнін ашып, медиамәтіндердің интерпретациясын терең түсіндіріп берді.  Онлайн іс-шараға қатысқан Түркия Республикасы, Фырат универсиетінің профессоры Ержан Алкая дәрісті жоғары бағалады. Сондай-ақ филология ғылымдарының докторы Қ.Қалыбаева, ОҚМПУ филология факультетінің деканы Ақлима Байғұтова,  кафедрасының меңгерушісі Мамыт Амангелді, осы іс-шараны ұйымдастырушы  доцент м.а., PhD доктор Ақбілек Мыңбаева Абай атындағы ҚазҰПУ-і С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасындағы әріптестеріне алғыс білдіре отырып, профессор Қ.Есеноваға ризашылық білдірді. Келешекте осы үрдісті одан әрі жалғастыруды ұсынды.