Веб-конференцияда жемқорлықпен күрес жайы сөз болды

21.05.20

Университетте Cisco Webex Meeting  платформасының көмегімен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» тақырыбында   веб конференция өтті. Оған  «Саналы ұрпақ»  жобалық республикалық кеңсесінің жетекшісі Қайыржан  Тоқышев  және «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар қатысты. Басқосуды университеттің әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры м.а. Рауан Бегалиева жүргізді. Веб-конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылдар тәжірибесі айтылып,  әдістемелік бағдар ұсынылды. Алдағы оқу жылында қолға алынуы керек біршама жобалар талқыланды. Жиында сондай-ақ университеттің  оқу және оқу әдістемелік істер жөніндегі проректоры Баршагүл  Исабек  оқу ордасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің орындалуы жайын баяндап берді. Жиында  факультет декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушы-профессорлар құрам, жастар саясаты бөлімі мен студенттер де қоғамы мүддесі үшін орындалып жатқан игі істер жайында ойларын ортаға салды. Веб-конференция қонағы ҚайыржанТоқышев  ауқымды шараны ұйымдастыруға ынталы болған университет ұжымына алғыс білдірді. Ал «Шымкент – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшылығына жаңадан келген Жани Қамбар келешекте университет ұжымымен жақынырақ танысып, бірлесіп жұмыс жасауға әзір екенін жеткізді.