Тәрбие

 

ОҚМПУ-і мәдениет бөлімінің әдіскері, саксофоншысы Нұржан Баймахановтың онлайн-концерті

 

 

 

 

 

 

 

Университетте «Студенттерге арнау» апталығы аясында "Абай әлемі" жалпыұлттық онлайн-студенттік өнер фестивалінің іріктеу кезеңі өтті. Рухани жаңғыру және тәрбие орталығы, Мәдениет бөлімі, Жастар саясаты бөлімі ұйымдастырған өнер сайысына факультеттер арасынан 40-қа жуық үміткер қатысты. Олар бес байқау бойынша бақ сынады.  
Байқаудың Бас жүлде иегерлері:
«Абай өлеңдері» байқауы бойынша Филология факультетінің студенті Оразбек Анар;
«Абайдың қара сөздері» байқауы бойынша Педагогика-гуманитарлық факультетінің студенті Сандыбай Аида;
«Абай әндері» байқауы бойынша Өнер және білім факультетінің студенті Оразбек Жансерік;
«Абай – әлем тілдерінде» байқауы бойынша Филология факультетінің студенті Нысанбай Айнұр;
 «Абай әлемі» сурет өнерінде» байқауы бойынша Өнер және білім факультетінің студенті Тыныштық Назерке. 

Жеңімпаздар ұлы ақынның мерейтойына орай ҚР Білім және ғылым министрлігі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ұйымдастырып жатқан республикалық байқауға қатысатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде әншілердің "Ынта" факультетаралық онлайн-байқауы өтті. Мәдениет бөлімі ұйымдастырған өнер сайысында бас жүлдені өнер және білім факультетінің студенті Аяжан Әбдутәліп иемденді. Ал 1-орын өнер және білім факультетінің студенті Жансерік Оразбекке, 2-орын филология факультетінің студенті Балнұр Шайзандаға, 3-орын өнер және білім факультетінің студенті Аружан Жиенбаеваға бұйырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы "Әні әлемді,анамды таңқалдырған - Шәмші" атты онлайн-концерт

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ресми instagram парақшасында студенттер "Жайдарман" жұлдызы Мереке Қалбаевамен онлайн кездесті. Сұхбат барысында Мереке өзінің көңілді тапқырлар алаңындағы қызықты әрі қиын сәттерімен бөлісті. Сондай-ақ  «Екі Жұлдыз» жобасы және киноиндустрия саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. Кездесу университеттіміздегі мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.