Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығы

Қоғамдық кәсіптер даярлау орталығының басшысы

КАСИМОВА МАХАББАТ АРЫСХАНҚЫЗЫ

Педагогика ғылымдарының магистрі

 

             Қоғамдық кәіптер даярлау орталығының негізгі мақсаты –түрлі ұжымдарда әлеуметтік-мәдени, тәрбие және сабақтан тыс жұмыс жүргізуге дайын «жаңа буын» ұстазын даярлау. Қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыру  мақсатында құрылған орталық заманауи технологияларды пайдалану арқылы сабақтан тыс уақытта студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдау, олардың адамгершілік, азаматтық тұлғасын қалыптастыруды көздейді. Орталықта дефиле,бейнелеу өнері, эстрада, қолөнер, аспаптар жасау, айтыс, актёрлық өнер, би, домбыра үйірмелері  жұмыс істейді.  Үйірмелер бойынша жоспарланған курсты игерген студенттерге сертификат беріледі.

 

 Басшы орынбасары – Бегалиева Гульмира Секентаевна

          Ши тарту, оны орау, жүн орап, тоқу  өнерін жастарға үйрету. Жалпы ши тоқуды үйретіп шиден өздеріне керекті, күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқыту. Ши тоқу өнері арқылы студенттерді ептілікке, шапшаңдыққа, әсемдікке, тиянақтылыққа, шыдамдылыққа баулу. Осындай ұмытылып бара жатқан дәстүрлі үрдістерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ұлттық санамызды жаңғырту. Балалар­ды өнерге баулу, жан-жақты дамыту. Бұл үйірме студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ЖОО студенттерінің үйірмеге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде ояту мақсатында  ши тоқу техникасының ежелгі және заманауи үлгісін қатар қойдық. Ұмыт болып жатқан ұлттық өнер  түрін студенттер бос уақытында осындай үйірмелерге қатысып, өздеріне керекті дүниелерін жасап үйренеді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» дегендей үйірмелердің болашақ ұрпаққа берері көп болмақ.

 

Сырайлова Роза Тумебаевна

«Домбыра» үйірмесінің жетекшісі

            Домбыра -  қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі.

 

 

Шалабай Қадиша Өмірзаққызы

«Эстрада» үйірмесінің жетекшісі

              Эстрада өнері (франц. estrade, исп. estrado – тақтайша үстел) – көп жанрлы сахналық өнердің бір түрі. Эстрада өнері әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылар мен акробаттар, конферансье мен музыканттар, т.б.) ойын-сауығынан құралады. Кейде жалғыз артистің өнер көрсетуіне құрылған жеке – соло концерт те болуы ықтимал.

 

Калыков Алмас Шулезбаевич

«Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі  

            Бейнелеу өнері үйірмесінде студенттер сурет, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына, жан   жақты дамуына ықпал етеді.

 

 Нұргелдиева Динара Қалдыбаевна

«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі

            Қазақтың ұлттық қолөнерінің ерекше бір түрі - ши тоқу. Ши тоқудың маңызы ерекше. Бұл салада қазақ шеберлері шиге қазіргі қолданып жүрген барлық ою түрлерін өрнектеп салған. Кезінде ата-бабамыз қолданған ши қазіргі кезде кездеспейді. Бүгінгі ұрпаққа жат болып барады. Ши тарту, оны орау, жүн орап, тоқу  ауыл әйелдерінің бәріне ортақ жұмыс болатын. Жалпы ши тоқуда шеберлер шиден өздеріне керекті, күнделікті тұрмысқа пайдаланатын заттарды тоқып алып отырған. Ши тоқу өнері адамды ептілікке, шапшаңдыққа, әсемдікке, тиянақтылыққа, шыдамдылыққа үйретеді. Осындай ұмытылып бара жатқан дәстүрлі үрдістерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ұлттық санамызды жаңғырту - ата-аналар мен мына маман біздердің міндетіміз. Балалар­ды өнерге баулу, жан-жақты дамыту мақсатында "Ши тоқу" үйірмесінің жұмыс жасайтынын баса айтқым келеді. Бұл үйірме студенттердің бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. ЖОО студенттерінің үйірмеге деген қызығушылықтарын жоғары деңгейде ояту мақсатында  ши тоқу техникасының ежелгі және заманауи үлгісін қатар қойдық. Ұмыт болып жатқан ұлттық өнер  түрін студенттер бос уақытында осындай үйірмелерге қатысып, өздеріне керекті дүниелерін жасап үйренеді. «Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп» дегендей үйірмелердің болашақ ұрпаққа берері көп болмақ.

 

         

Байтуов Биржан Каниевич

«Айтыс» үйірмесінің жетекшісі

                     Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады.

 

Утеболатов Самат Кеңесұлы

«Аспаптар жасау» үйірмесінің жетекшісі

                      Студенттерге қосымша білім беруде студенттердің білімін, шеберлігін арттыру. Қазақтың ұлттық саз аспаптарының жасалу жолдарын насихаттау. Олардың шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылықтарын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

   Жаңа заман  ғылымының мол жетістіктерімен қаруланған мәдени дүниетанымы, көзқарасы қалыптасқан бәсекеге қабілетті маман жастарды тәрбиелеу. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық салт –дәстүрімізге деген қызығушылығые ояту, ұлттық бұйымдарымыздың жасалуын үйрету, насихаттау;

Қолөнер үйірмесі өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек, мол мейірімділікпен қоса кәсіби дарын, ізденімпаздық, іскерлік екендігі адамның адамгершілік дүниетанымын қалыптастырып үйрету;

Қол еңбек бөлімінде ұлттық аспап түрлерін жасауда түрлі технологиясын меңгеру арқылы ағашпен жұмыс жасауды үйренеді.

Былғарымен жұмыс жасау бөлімінде былғарыны тазалау, бояу, өңдеу, пішу, одан әртүрлі бұйымдар жасау үйретіледі.

Кәдесый және жәдігерлік бұйымдар жасаудың әдіс-тәсілдері

Сувенирлер, гүрзі. Ас үйге қажетті бұйымдар: ожау, астау, оқтай-тақтай жасаудың ерекше жолдарымен әдістері үйретіледі.

 

Таукеев Қуат Анатольевич,  Ергебекова Лаззат Мухтарқызы

«Би» үйірмесінің жетекшілері 

              Сезіну, есту қабілетін дамыту.Қимыл - қозғалыс аппараттарының жүрек қан айналымын реттеп, жақсарту.

Дененің дұрыс бітімін қалыптастыру, дұрыс демалу, дер кезінде дұрыс қимылдарын жетілдіру.

Музыкалық шығармалардың буын - ырғағын, екпінін, мазмұнын дұрыс түсінуге дайындау.

Теория және практика жүзінде қозғалысын дұрыс сезіне білу.

Билеу кезінде би қозғалысы арқылы оның мәнерлілігін арттыру.

Би қозғалысы кезінде би үйрену дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Би өнерімен айналысқан ұлдар мен қыз балалар денесінің сымбаттылығымен, әдемі жүріс - тұрысымен, музыкалық ырғақты ажырата білуімен ерекшеленеді. Би өнерімен айналысу

 

Туреханова Макпал Аяповна

«Дефиле» үйірмесінің жетекшісі

   «Ақбаян» студенттік сән театрының  сән индустриясының талаптарына сәйкес параметрдегі қыз- жігіттермен жұмыс істейді. Сахналық мимика, сахналық дефиле, жұмыс траекторияларын шыңдайды.

 

             

Дауылбай Мадина Нурмаханқызы

«Қолөнер» үйірмесінің жетекшісі 

       Студенттерге қосымша білім беруде үйренушінің білімін, шеберлігін көрсету. Студентті шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту. Қазақтың болып бара жатқан киіз басу өнерін ұлттық деңгейде студентпен біріге орындау. Орындалу техникасы мен қажетті материалдармен жұмыс жасауды меңгерту. Үй тіршілігінде қолданылатын сонымен ұмыт қатар заманауи әшекей бұйымдарды киіз техникасында жасауды үйрету.

 

  Студенттерді шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан өнері тамған шеберді тәрбиелеу. Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету.

Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

 

    

Еримбетов Марат Нальжигитович

«Дизайнер»

          Дизайн – көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.