«Отансүйгіштік – жастарға артылған негізгі жауапкершілік». 

08.06.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жастары және Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Жастар ресурстық орталығының"  басшысы  Өміртай  Амалбек  осы тақырыпта тікелей эфир өткізді.  Оны университетіміздің  әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректоры міндетін атқарушы  Бегалиева Рауан жүргізді. 
Онлайн форматтағы кездесуде бүгінгі жастарды отаншылдық  рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болу тиіс деген ұстанымға  және патриоттық сананы жаңғыртуға негізделген тұжырымды ойлар талқылынды.