ІШКІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСЕДІ

Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша жаңа оқу жылында еліміздегі университет ғалымдары біздің оқу орнымызда оқу тәжірибесімен бөлісуде.

Алғашқылардың бірі болып С.Аманжолов атындағы ШҚУ экология және география кафедрасының сениор-лекторы, "Болашақ" бағдарламасының түлегі, ғылым докторы Құмарбекұлы Санат болашақ мамандарға «Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат» пәні бойынша дәріс оқуда.

Дәрісті «География» кафедрасының «6В01506-География мұғалімін даярлау», «6В01511-География-Тарих мұғалімін даярлау» және «7М01506-География педагогін даярлау» БББ студенттері мен магистрлері тыңдауда.