ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚОЛКҮРЕСТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ!

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері Зейнеп Тазабек пен Арайлым Мәлік Алматы қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Барлығы 52 мемлекеттен қатысқан қолкүрес спорты жарысында Зейнеп Тазабек жасөспірімдер арасында бірінші орын алса, Арайлым Мәлік жастар арасында екінші орын, ал ересектер арасында үшінші орынды иеленді.

Зейнеп пен Арайлым екеуі де Шардара қаласының тумасы. Олар қолкүрес спортына мектеп қабырғасынан бастап жаттыққан. Қазір денешынықтыру және спорт факультетінің 2-курс студенттері.

— Қолкүрестен Қазақстан спортшыларына Түркия елінің үміткерлері бәсекелес бола алады. Ақтық сында іріктелетін спортшылардың көбі бауырлас екі елденбіз, - дейді қыздар. Қазір спортшыларды бапкерлері Қалықұлова Меруерт, Ақбаева Жазира үлкен додаларға дайындап жүр.