МАТЕМАТИКТІҢ БІЛІМГЕРЛЕРГЕ АЙТАРЫ БАР

 

Университетімізге Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің құрметті профессоры, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы Роберт Гарабшевич Мухарлямов келді.

Шетелден келген ғалымды университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, оқу орнының физика-математика бағытында атқарып жатқан жұмыстары мен жетістіктерімен бөлісті.

Профессор білімгерлерге «Жаратылыстану ғылымдары бойынша ғылыми құзіреттілікті дамыту үдерістері» атты ғылыми семинар өткізді. Болашақ физик-математиктер ғалымның дәрісін тыңдап, сұрақтарына тікелей өзінен жауап алу мүмкіндігіне ие болды.

Р. Мухарлямов сондай-ақ, мәжіліс залында бірінші курс студенттерімен кездесуде. Стратегиялық даму жəне əлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек болашақ жас мамандарға ғалымның еңбек жолын таныстырды.

"Əрқайсыңыздың ішіңізде бір Ньютон отыруы тиіс" деген профессор жастарға мотивациялық кеңес беріп, ғылыми-оқу тәжірибесімен бөлісуде.