"Хабаршының" екінші саны жарық көрді

18.06.20

Университет басылымы - "Хабаршы" журналының №2 саны қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көрді.  Елімізде эпидемиологиялық ахуалға байланысты төтенше жағдай орнағандықтан редакция алқасы "Үйде мақала жазамыз" байқауын ұйымдастырған болатын.  Іріктеуден өткен  40 мақала антиплагиаттан сараптамадан өткізіліп, университет сайтына  орналастырылды.  Журналға  алыс және жақын шетелдегі ғалымдардың қазіргі қоғамдағы өзекті тақырыптағы ғылыми мақалалары қабылданды. Атап айтсақ, М.Д.Шаповаленко атындағы Ұлттық академиясының президенті О.Латышевтің "Патронаттық отбасындағы балалардың ахуалы", ф.ғ.д., профессор Н.В. Уфимцеваның (Москва қ.), ф.ғ.к. Н.Х. Суерованың (Ташкент қ) тіл білімінің әлеуметтік жағын қарастырған жаңа бағыттағы ғылыми мақалалары жарияланды. Сонымен қатар отандық ғалымдардың жаратылыстану бағыты бойынша оқытудың тиімді әдістері туралы өзіндік тұжырымдарын ашып көрсететін жарияланымдары да бар.