Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті факультет деканы мен кафедра меңгерушісінің және профессор-оқытушылар құрамының бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:
- Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) факультет деканының бос қызмет орнына:
- Филология факультетінің деканы – 1 бірлік;
- Кәсіптік-шығармашылық факультетінің деканы – 1 бірлік.
- Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD (философия докторы), кафедра меңгерушісінің бос қызмет орнына:
- “Педагогика” кафедрасының меңгерушісі – 1 бірлік.
- Ғылыми дәрежесі бар (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD (философия докторы), профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
- “Информатика” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Физика” кафедрасы – 1 бірлік;
- “Математика” кафедрасы – 1 бірлік;
- “Химия” кафедрасы – 2 бірлік (ағылшын тілінде сабақ жүргізе алатын);
- “Биология” кафедрасы – 2 бірлік;
- “География” кафедрасы: география-тарих мұғалімін даярлау мамандығы – 2 бірлік, құқықтанушы – 1 бірлік (орыс және қазақ тілінде еркін сабақ жүргізе алатын);
- “Ағылшын тілі” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Шетел тілдері” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: тарихшы – 1 бірлік, философия – 1 бірлік (орыс және қазақ тілінде еркін сабақ жүргізе алатын);
- “Бастауышта оқыту әдістемесі” кафедрасы: математика мамандығы – 1 бірлік, орыс тілі мен әдебиеті мамандығы – 1 бірлік, бастауыш білім педагогикасы мен әдістемесі мамандығы (орыс тілінде) – 1 бірлік;
- “Педагогика” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Психология” кафедрасы – 1 бірлік;
- “Музыкалық білім” кафедрасы – 2 бірлік.
4. Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD) немесе Еңбек сіңірген жаттықтырушы спорттық атағы бар профессор-оқытушы құрамының бос қызмет орындарына:
- “Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық” кафедрасы – 3 бірлік;
- “Дене шынықтыру” кафедрасы – 1 бірлік.
5. IELTS немесе халықаралық деңгейдегі сертификаттары бар магистр оқытушының бос қызмет орнына:
- “Химия” кафедрасы – 1 бірлік;
- “Ағылшын тілі” кафедрасы – 2 бірлік;
- “Шетел тілдері” кафедрасы – 4 бірлік.
6. Магистр және аға оқытушының бос қызмет орнына:
- “Математика” кафедрасы: математика мамандығы – 2 бірлік;
- “География” кафедрасы: география тарих мұғалімін даярлау мамандығы – 1 бірлік, құқықтанушы – 1 бірлік;
- “Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер” кафедрасы: философия – 1 бірлік (орыс және қазақ тілінде еркін сабақ жүргізе алатын);
- “Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық” кафедрасы – 2 бірлік.
Факультет деканының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылыми дәрежесі бар білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Кафедра меңгерушісінің біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі не болмаса ғылыми атағы және білім беру ұйымдарында басшы қызметте немесе мамандығы бойынша еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы.
Доцент, қауымдастырылған профессор (доцент) біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі және ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы, оның ішінде доцент қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Аға оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі немесе PhD (философия докторы) академиялық дәрежесі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 3 жылдан кем болмауы, оның ішінде оқытушы қызметінде кем дегенде бір жыл болуы.
Оқытушының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білімі, магистр академиялық дәрежесі болуы тиіс.
Өтініш беру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күннен кешіктірілмеуі тиіс.
Мекен-жайымыз: 160012, Шымкент қ., Байтұрсынов көш.,13, 120- кабинет. Тел.: 30-14-59 (кадр қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Ректордың атына өтініш (еркін нысанда);
2. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
3. Өмірбаян;
4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқасы;
5. Соңғы 4 жылдағы (міндетті түрде) біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған жағдайда) туралы сертификаттардың көшірмелері, сондай-ақ салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтау бойынша емтихан тапсырғаны туралы сертификаттың болуы артықшылық болып табылады (соңғы 2 жылда);
6. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);
7. ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086 нысан бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген));
8. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтама);
10. №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
11. Фото 3*4 – 1 дана, файлдық папка.