МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН —БІЗДЕ ҚОНАҚТА

 

Бүгін Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде еліміздің нарықтық экономикаға өту барысын саралауға ерен еңбек еткен мемлекет және қоғам қайраткері Оразалы Сәбден қонақта. 

Оразалы Сәбденұлын университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева қабылдап, оқу орнының оқу-тәрбие бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.  

Бұдан кейін құрметті қонағымыз 1 қазан Қарттар күні мен 5 қазан Мұғалімдер күніне орай университет ардагерлерімен, оқытушылар құрамымен бірге «Ұстазға тағзым» монументіне гүл шоқтарын қойды.    

— Университеттің жоғары білім беру саласындағы стратегиялық бағыты оң деп білемін. Алдағы уақытта жастар кадрлық резервіне серпін беру керек. Өз тарапымнан қолдау көрсетуге әркез дайынмын, - деді Оразалы Сәбден. 

Салтанатты шарадан кейін ғалым ардагерлермен бірге университет ғимаратын аралады. Гүлжан Дәулетбекқызы білім ұясы туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп, арнайы орталықтармен таныстырды. Жатақханадағы студенттер жағдайына қанықты.