ЖАЗЫҚСЫЗ ҚҰРБАНДАРДЫ АҚТАУҒА АТСАЛЫСТЫ

 

Шымкент қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссия отырысына Өзбекәлі Жәнібеков атындағы университет ғалымдары да қатысты. 

Елімізде әр өңірдегі комиссия зерттеулері мен дерекқордан табылған құжаттар жинақталып, 100 томдық кітапқа басылып шығарылады. Болашақта зерттеушілер көне құжат тілін аударуда қиналмауы үшін жоғары оқу орындары араб, парсы, шағатай тілдерін оқыту бойынша жұмыс атқаруда. 

Жазықсыз құрбандарды ақтау бағытында сүбелі еңбек еткен жұмысшы топ мүшесі, университеттің стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабековаға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің және қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асыловтың алғыс хаты табысталды. 

Сондай-ақ, университетіміздің тарих ғылымының кандидаттары Г.Орынбасарова, Б.Найманбаев, С.Мамыраймов және Б.Айтай Қ. Асыловтың алғыс хатымен марапатталды.