ШЕТЕЛДЕ ДЕ ОҚИМЫЗ, ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ДЕ ОҚЫТАМЫЗ

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Басқарма төрағасы-ректор ГҮЛЖАН ДƏУЛЕТБЕКҚЫЗЫ СҮГІРБАЕВА Чехияның Оломоуц қаласындағы Палацк университетінен хабарлайды:

ШЕТЕЛДЕ ДЕ ОҚИМЫЗ, ШЕТЕЛДІКТЕРДІ ДЕ ОҚЫТАМЫЗ

Бүгін Чехияның Оломоуц қаласындағы Палацк Университетінде өтіп жатқан кезекті 8 интернационалды апталық аясында бірқатар европалық және америкалық университеттер мен педагогикалық білім беру саласында тығыз байланыстар орнатуға қатысты келіссөздер жүргізілді. 

Атап айтқанда, Bryan College(АҚШ), University of Madeira(Португалия) , University of the Balearic Islands( Испания), John Paul II University of Applied Sciences ( Польша), University of Sopron( Венгрия), Academy of Applied Technical and Preschool Studies( Сербия), Bowling Green State University (АҚШ), Queen Maud's College of Early Childhood Education( Норвегия). 

Сонымен қатар, Палацк Университетімен: студенттер мен ОПҚ-ң академиялық қозғалысы, докторанттарға шетелдік жетекші тағайындау, арнайы педагогика саласы бойынша қосдипломды ортақ бағдарламаны іске асыру, ғылыми іс-шаралар мен зерттеулерді бірлесе іске асыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Нәтижесінде, алдағы көктемгі семестрге Палацк Университетінің педагогика факультетінен бізге 10 студент келсе, бізден 12 студент академиялық мобильділік бойынша білім алатын болып келісім жасалды. Оған қоса, 2023-24 оқу жылына қабылданған докторанттарға шетелдік жетекшілік жасауға толық келісім алынды. 

Бакалавр білім беру деңгейі бойынша қосдипломды бағдарламаға қатысты екі жақтың қызметкерлерінен жұмыс тобын құрып, алдағы оқу жылына дайындау және білімгер қабылдау туралы алдын ала келісім жасалды. 

Апталық жалғасуда, жоғарыда аталған университеттермен де тиімді байланыстардың нәтижесін алдағы уақытта бөлісеміз. Аталған қадамдар педагогика саласы бойынша сапалы мамандар даярлау және Европалық озық жоғары білім стандарттарына сай білім беру үдерісін қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.