ПОЛЬШАДАН ҒАЛЫМДАР ШАҚЫРЫЛДЫ

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне ҚР ҒжЖБМ «Шетелдік ғалымдарды тарту» академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Польшадағы Мария Гжегожевская университетінің ғалымы, білім беру бағыты бойынша философия докторы Ariadna Ciazela келді. 

Ғалым алдағы бір ай бойы психология, мектепке дейінгі және арнайы педагогика, бастауышта оқыту әдістемесі кафедраларының білім алушыларына дәріс-семинарлар және профессор-оқытушылар құрамына тренинг-семинарлар өткізбек.  

Сондай-ақ, кафедра ғалымдарымен бірлесе әлеуметтік психология, экологиялық білім беру, арнайы педагогика салаларында зерттеулер жүргізіп, ғылыми мақала материалдарын дайындайтын болады.