Хабарландыру

01.09.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті төмендегі лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялайды:

1. Педагогикалық білімді жетілдіру және қайта даярлау бөлімінің басшысы;

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің басшысы;

3. Стратегиялық жоспарлау, менеджмент және мониторинг бөлімінің басшысы;

4. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау және коммерциялизациялау бөлімінің басшысы;

5. Кәсіптік бағдар және мансап бөлімінің басшысы;

6. Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы.

Құрылым басшыларының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары білім (бейіні бойынша) және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" , "Ғылым туралы" , "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы" заңдарын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді, еңбек туралы заңнама негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген адамдар, жоғары оқу орны басшысының атына өтініш жазады (ерікті нысанда).

Өтінішке қосымша мына құжаттарды тапсырады:

1. Ректордың атына өтініш (еркін нысанда);

2. Кадр есебі бойынша жеке іс парағы;

3. Өмірбаян;

4. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы дипломдарының көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

5. Соңғы 4 жылдағы (міндетті түрде) біліктілігін арттыру және қайта даярлау (болған жағдайда) туралы сертификаттардың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы;

6. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстар тізімі (болған жағдайда);

7. ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 086 нысан бойынша Медициналық анықтама (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген);

8. Адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті

беретін есепке алу бойынша мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы наркологиялық ұйымнан анықтаманың сканерленген нұсқасы, *.pdf );

10. №272 бұйрықпен бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушының есепте тұрмайтыны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

11. Презентация (электрондық түрде, көлемі 10 слайдтан артық емес);

12. Фото 3*4 – 1 дана, файлдық папка.

Осы тармақта көзделген тiзбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбау өтінішті қабылдаудан ерікті нысанда бас тартуға негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (ғылыми жарияланымдардың тізімі, алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар), сондай-ақ жұмыс тәжірибесін және біліктілігін растайтын құжаттар бере алады.

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 120 кабинет info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

Құжаттарды қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 14.09.2020 ж., сағат 18:00.

Конкурс өткізілетін күні мен орны: 15.09.2020 ж. сағат 15:00 де 160012, Шымкент қ., Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Байтұрсынов көшесі №13, 231 кабинет.