Әкімшілік басқарма

Серікбаев Данияр Бағланұлы

Әкімшілік басқармасының басшысы

Әкімшілік басқармасы ОҚМПУ-дың құрылымдық бөлімі болып табылады

Әкімшілік басқармасы құрылымдық және штаттық кестеге сәйкес  еңбек және төлем қор жоспарлары бойынша бекітілген шеңберде жұмыс істейді.

Әкімшілік басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің, шаруашылық бөлімінің және қауіпсіздік қызметінің қызметтерін бақылауды ұйымдастырады.

 

Аяпов Әкім Серікбайұлы

Шаруашылық бөлімінің басшысы

                Шаруашылық бөлімі 3 оқу корпусы, 3 студенттер үйі, Спорт кешені, “Дәулет ” ашық спорт алаңы және де басқа қосалқы ғимараттардың шаруашылық қызметтерін бақылауды ұйымдастырады.

 Шаруашылық бөлімінің негізгі функциялары

Университет  ғимараттарына дер кезінде сапалы, түбегейлі және ағымдағы жөндеуді өткізу;

электр энергиясымен университет ғимараттарын үзіліссіз қамтамасыз ету,  ғимараттарды жылу энергияларымен, суық және ыстық сумен қамтамассыз ету;

ғимараттардағы тауар-заттық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, ғимараттардағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау;

универсиетет бюджетіне сәйкес жихаздар, оқу және шаруашылық жабдықтарын және кеңсе заттарын, арнаулы киім-кешек  алуға сұраныс жасау;

студенттер үйіне кіргізу және шығару жауапкершілігі, студенттер үйінде тұру ережелері мен нормаларының орындалуын бақылау;

оқу корпустарын және жатақханалардың барлығын тиісті  және санитарлық- гигиеналық талаптарға сай тазалықпен қамтамасыз ету;

университет  аумағын сәулеттендіру және тазартуды  ұйымдастыру;

қауіпсіздік техникалары, өндірістік тазалық және өртке қарсы қауіпсіздік талаптардың орындалуын  қадағалау;

медициналық бекетте алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

           Шаруашылық бөлімінде инженер-құрылысшы Салиев С.К., жылу жүйесінің инженері Бекетаев Б.Б., ТҚ және ЕҚ инженері Манапова Г.А., АҚ және өрт қауіпсіздігін ұйымдастырушы Кучкаров М., ғимаратардың коменданттары Жумашева Б., Мырзабеков Е., Мырзаева Г., студенттер үйінің коменданттары, Камалова Г.,Камалова Г.,  Сарсенбаева Н.,  медбикелер Сансызбаева М.О., Белгибаева С.А., Доскараева М., қойма меңгеруші Бердияров Б.К., оператор Саудбаева Г.А.  қызмет жасайды.