ТОҒАНАС БАТЫР КІМ БОЛҒАН?

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің «Өзбекәлі Жәнібеков орталығында» қазақ тарихындағы «Ақтабан шұбырынды» оқиғасының 300 жылдығы және қазақ батыры Тоғанас Сабдалыұлының 350 жылдығына орай «дөңгелек үстел» өтуде.

Жиынға еліміздің Астана, Алматы, Тараз қалаларынан, жоғары оқу орындарынан ғалым-тарихшылар қатысуда. Зерттеушілер басқосуда тарихи оқиғаның мән-маңызы мен қазақ би-батырларының қайраткерлік рөлі, тұлғатану мәселесі туралы пікір білдіруде. Сондай-ақ, қазақ-жоңғар соғысының батыры Тоғанас Сабдалыұлының қолбасшылық ерлік жолдарына тоқталып, кейінгі ұрпаққа насихаттау жолдарын ұсынуда. Батыр атының Сіргелі руына ұран болғандығына ғылыми дәлелдер келтірілуде.

Университетте батыр ерлігін паш ететін ғылыми зерттеу еңбектер көрмесі ұйымдастырылған. Батыр туралы тарихи-деректі фильм көрсетілді. «Дөңгелек үстелді» университеттің тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің басшысы Қайрат Анарбаев жүргізіп отыр.