ҚОРЖЫНЫМЫЗДА ТАҒЫ ДА ҚОЛА

 

Ө. Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті спортшыларының жарыстардағы жеңісті күндері жалғасуда.

Денешынықтыру және спорт факультеті спорт мамандығының 3 курс студенттері Абылайхан Қайырбек пен Арайлым Әбдіразақова Грецияның CHALKIDA қаласында өткен әлем чемпионатында қола жүлде иегері атанды.

Жеңімпаздарымыз бұл жарыста каратэ спорт түрі бойынша күш сынасты. Әлем чемпионатына барлығы 40 мемлекеттің мықтылары қатысқан.

— Бізге Румыния, Болгария, Әзірбайжан елдерінің спортшылары нағыз бәсекелес бола алды. Бірақ, намыс туын қолдан бермеуге тырыстық, - дейді студенттеріміз.