ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ ТАҒЫ БІР ЖЕТІСТІК!

 

ҰМҒТСО тарапынан ғылымды және ғылыми техникалар мен өндірістерді жан-жақты дамыту мақсатында, 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсына қатысқан университетіміздің х.ғ.к., Абдрахманова Хадиша Кенесовнаның жобасы үздік деп танылып, жеңіске жетті.

Үздіктер қатарынан табылған гранттық жоба AP19677375 «Білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің STEM-құзыреттерін қалыптастыру».

Осы жобаның ұлттық ауқымдағы маңыздылығы Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға және 2020-2025 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларына, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанда STEM-білім беруді енгізу қажеттілігіне негізделеді.

Жобаның негізгі идеясы - білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ мұғалімдердің жаратылыстану пәндері бойынша STEM-құзыреттерін қалыптастыру арқылы қазіргі заманғы педагогикалық білім беру жүйесінің сапасын арттыру.

Зерттеу нәтижесінде әлемдік және отандық педагогикалық тәжірибедегі STEM-білім беру жөніндегі жұмыстар зерделенеді және талданады; болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің базалық STEM-құзыреттерін қалыптастыру бойынша білім контенті әзірленіп, оның ақпараттық-білім ортасы құрылады; пәнаралық негізде әртүрлі деңгейдегі және сипаттағы интеграцияланған сабақтар әзірленеді; «Орта білім берудегі STEM-тәсіл негіздері» пәні әзірленеді және педагогикалық ЖОО-ның білім беру бағдарламасына енгізіледі; білімді цифрландыру жағдайында болашақ жаратылыстану пәндері мұғалімдерін STEM-тәсілді орта мектепте іске асыруға дайындау әдістемесі әзірленеді; педагогикалық ЖОО бакалавриат бағдарламасы шеңберінде алынған нәтижелер сынақтан өткізіледі және әзірленген әдістеменің тиімділігі бағаланады.

Жобаның жеңіске жетуімен құттықтай отырып, Абдрахманова Хадиша Кенесовнаның алдағы жұмысына сәттілік тілейміз!