ТҮРКИЯДА БАЯНДАМА ОҚЫДЫ

 

Бүгін Түркияның Анталья қаласында Түркия, Швеция, Ресей, Өзбекстан, Бельгия, Әзірбайжан мемлекеттерінің белгілі ғалымдарының қатысуымен конференция өтті. Іс-шараға функционалдық анализ саласының мамандары қатысты.

«Functional Analysis in Interdisciplinary Applications» тақырыбында өткен конференцияда профессор Нұрлан Иманбаев біздің университет атынан баяндама оқыды.

«Construction of an unconditional basis from elements of the system of root functions of a spectral problem with a linear occurence of the spectral parameter in the boundary condition» тақырыбында оқылған зерттеу жұмысында математика ғылымының келелі мәселелері қозғалды.