Ұлттық киімдердің сән байқауы басталды

11.09.20

Шымкенттегі көрме орталығында ұлттық киімдердің "Жібек жолы айшықтары"  байқау көрмесі басталды. Дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан өнер сайысына  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің дизайнерлері де қатысуда. Бұл жолғы көрмеге оқу ордасы атынан қатысатын талантты әрі танымал дизайнер Марат Ерімбетов "Сұлу сылқым" деп аталатын авторлық еңбегін әзірлегін болса,  Мақпал Төреханова өз үлгілерін "Ерке қыз" деп атапты. Сән әліміне енді ғана қолтаңба қалыптастырып келе жатқан Нұрбала Тұрдыбай  болса "Қазақ серілері" деген атпен жігіттерге арналған киім үлгілерін көрсеткелі отыр. Карантиндік режимге байланысты байқау онлайн форматта өтуде. Жалпы "Жібек жолы айшықтары" байқауы жас дизайнерлердің тәжірибе жинақтауына зор мүмкіндік жасап келеді.