Кәсіби бағдар

 

 

        Жаратылыстану факультеті мен Кәсіптік бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен өткен «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын» апталық - акция өткізілді.Шымкент қалалық Білім басқармасымен ОҚМПУ арасындағы 2020 жылы 11 қарашада түзілген Ынтымақтастық меморандум аясында болашақ педагог мамандар даярлайтын ЖОО-ның 85 жылдығына орай 2021 жылы 22-29 қазан аралығында «Мен 85 жылдық тарихы бар жоғары оқу орнын таңдаймын» апталық - акция өткізілуде. Өткен аптада бастау алған іс-шараны қазан айының 27- сі күні Жаратылыстану факультеті жалғастырды. Іс-шараға Шымкент қаласының 21 мектебінен келген 312 бітіруші оқушылар қатысты.

            Іс-шара барысында қала мектептерінің бітіруші сынып оқушылары университет базасымен, профессор-оқытушылар құрамымен, ғалымдармен, студенттермен, жатақханалары мен асханаларымен танысып, университеттің жетістіктері мен заманауи мүмкіндіктері туралы ақпараттармен алмасты. «Қуаныш сыйла» алаңынан өтіп өз арман тілектерін жазып қуаныштарымен бөлісті.

       Салтанатты жиынды Басқарма төрағасының орынбасары - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Исабек Баршагүл Қаршқынқызы ашып, оқушыларға сәттілік тілеп, 85 жылдық тарихы бар киелі қара шаңыраққа оқуға шақырды. Келесі кезекте Басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие істері жөніндегі проректор Бағұтова Аклима Мархабатқызы және Кәсіптік бағдар және мансап орталығының басшысы Битұрсын Ғалымжан Шәмшідінұлы сөз алып, оқушыларға мамандық таңдаудан қателеспеулерін, педагог мамандардың әрқашан сұраныста екенін, жылдан жылға «Педагог» мәртебесі қолға алынып, ұстаздардың абыройы бұрынғыдан да артып келе жатқаны түсіндіріп өтті. Оқушылырға университетіміздің нұсқаулық журналы, буклеттер үлестірілді.

https://youtu.be/1GVnEPJg6u4