СТУДЕНТТЕР "ҮЗДІК ӘДЕБИЕТ" КІТАП ЖОБАСЫНА ҚАТЫСТЫ

07.10.20

«Үздік әдебиет» республикалық кітап жобасы аясында Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, «Рухани жаңғыру» бөлімінің ұйымдастыруымен этнограф-ғалым, журналист, мемлекеттік сыйлық иегері Ақселеу Сейдімбектің «Қазақ әлемі» кітабы бойынша онлайн талқылау өтті.

Оған зиялы қауым өкілдері, ОҚМПУ студенттері қатысып, аталған еңбектің мазмұны мен маңызына тоқталды.  Талқылау барысында жастар ғалым өмірінен сыр шертетін деректі дүниелермен де танысты.

Онлайн талқылау соңында ұйымдастырушылар тарапынан кітаптың мазмұны мен қоғамдық сананың жаңғыруындағы рөлін ашып көрсетудегі университет студенттерінің белсенділігі мен білімділігіне  ризашылықтары білдірілді.