"ЖАЙДАРМАН" ЖҰЛДЫЗЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

09.10.20

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ресми instagram парақшасында студенттер "Жайдарман" жұлдызы Мереке Қалбаевамен онлайн кездесті. Сұхбат барысында Мереке өзінің көңілді тапқырлар алаңындағы қызықты әрі қиын сәттерімен бөлісті. Сондай-ақ  «Екі Жұлдыз» жобасы және киноиндустрия саласындағы жетістіктері туралы айтып берді. Кездесу университеттіміздегі мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өтті.