Әскери кафедраға студенттер қабылдау ісі басталады

09.10.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті әскери кафедрасы  Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес  2020-2021 оқу жылына студенттер қабылдауды бастайды. Қабылдау  Бас штаб бастығының  бұйрығымен бекітілген кестеге сай  биылғы жылдың  12-21 қазан аралығында жүргізіледі. Оқу жоспарына сай әскери кафедраға грант негізінде  86,  ақылы оқу негізінде 84,  жалпы саны 170 студент қабылданады. Университетімізде әскери кафедра өткен жылы қыркүйек айында ашылған болатын.  Ондағы оқытушылар студент жастарды идеологиялық жұмысты ұйымдастыру, аумақтық қорғанысты жоспарлау және ұйымдастыру, өрт қауіпсіздігін ұйымдастыру, әскерлерді киім-кешекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және  әскери барлау бөлімшелері мен бөлімдерде жауынгерлік іс-әрекеттерге үйретіп, оқытып келеді.